Атбасар ауданында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, бұл жобалардың жалпы құны 1,345 миллион теңгені құрайды. Құс фабрикасы, сүт-тауар фермасы, бордақылау алаңы, дүкендер, дәмханалар, супермаркеттер, автожуу және кондитерлік цехтарды іске қосу арқылы 140-қа жуық жұмыс орны ашылатын болады.

«Аудан бойынша «Әріп Агро» ЖШС 400 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосуды, «ИнтерТрайд» ЖШС 50 мың тауыққа арналған құс фабрикасын, «Шуйское ХХІ» ЖШС сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

Сондай – ақ, Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 59 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге екі инвестициялық жоба енгізілді. Олардың арасында-сұлы қауызын іске қосу жөніндегі тамақ фабрикасының («Баха Соне» ЖШС) және ет өнімдерін терең өңдеу цехының («Алтындән» ЖШС) құрылысы бар.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Атбасар ауданында бөлшек тауар айналымының көлемі шамамен 2,6 миллиард теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырға 5 пайызға жоғары. Ауданда жұмыс істеп тұрған 2304 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар