Атбасар ауданында аз қамтылған 143 отбасына 19,5 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді

Ауданда 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 156 жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға 94 адам жолданды. Жалпы, осы кезеңде 387 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Аманбек Қалжанов айтты.

Аудан әкімінің айтуынша, аз қамтылған 143 отбасына 19,5 миллион теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді. 119 көп балалы аналар мен балаларға жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам жеңілдікпен жол жүру қамтамасыз етілді.

Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 197 адамға жалпы сомасы 8 миллион теңге төлем жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар