Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасампаз жылдар жылнамасы - АРҚА АЖАРЫ

Жасампаз жылдар жылнамасы

Биыл, яғни, 2021 жылы егемен еліміз өз тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесін атап өтуде. Осынау атаулы жылға дейінгі еліміздің жеткен жетістіктері мен жаңашылдықтары, саяси-экономикалық дамуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаткерлігінің арқасы екендігі сөзсіз.

Қазақстан КСРО ыдырағаннан кейінгі өз тәуелсіздігін 1991 жылы жариялаған соңғы мемлекет болды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7 пайыз дауыс жинады. Ол сол жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика сарайында халық алдында салтанатты түрде ант беріп, Қазақстанның Президенті қызметіне кірісті. Сол күні Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 16 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы қабылданды. Содан бері бұл күн жыл сайын, мемлекеттік мереке ретінде Тәуелсіздік күні болып аталып келеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекетті 30 жылға жуық уақыт басқарып, ел игілігі үшін бірқатар ауқымды маңызды шешімдер қабылдап, жобаларды бекітті. Ешкімнің ойына келмеген жаңа астанамыз –Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа төрінде бой көтерді. Еліміз әлем халқына танылып, өзінің дербестігі мен егемендігін мойындатты.
Елбасы 2019 жылғы 19 наурызда сол кездегі Парламент Сенатының спикері лауазымында жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа өкілеттігін тапсырды. Сөйтіп, биылғы 2021 жылды Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілетін мерейлі жыл деп жариялады. Осы жылдар аралығындағы толағай табыстар мен жетістіктер Елбасының есімімен тікелей байланыстылығын халқымыз ұмытпайды әрі бұл тарихи шындық. Қазақстанның бүгінде әлемде мемлекет ретінде мойындалған, заманауи қалыптасқан, экономикалық нарықта дамыған, өндірістік жағынан қуатты, ғылыми, мәдени әлеуетінің жоғарылығы, жаңа инновациялық технологиялық жаңашылдықтарды меңгерген ел. Мұның барлығы Тұңғыш Президент, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы.
Қазақстан қазіргі кезеңде Еуразиялық кеңістікте ірі аймақтық держава мәртебесіне ие болып, халықаралық қатынастар жүйесінде белсенді рөл атқарады. Біздің мемлекетіміз БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЮНЕСКО, ХВҚ және басқа да көптеген беделді халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы наурызда өкілеттігін өз еркімен тоқтатқанына қарамастан, елдің саяси өміріне әлі де белсенді араласып келеді. Қауіпсіздік Кеңесіне басшылық ете отырып, ел дамуының стратегиялық саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазақстанның егемендік алуымен 1993 жылдан бастап Мемлекетіміз Президент қол қойған «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаны арттыру және оның тиімділігі жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес құқықтық реформа жүргізді. Осы уақыт аралығында заңнамалық базаны жетілдіру жөнінен елде көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылдана бастады. Құқықтық реформаны іске асыру шеңберінде 1993 жылы Әділет министрлігі жанынан «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» құрылды, ол кейін, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты болып қайта құрылды.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстанмен бірге дамып келе жатқан заңнама және құқықтық ақпарат институтын мемлекеттің құқықтық мәдениетін қалыптастыратын, нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша ғылыми жәрдем көрсететін, халықтың заңдық сауаттылығын арттыратын және құқықтық қызмет көрсетудің сапалы жүйесін қамтамасыз ететін мемлекеттің ақпараттық-құқықтық саясатының басты бір көрінісі деп санауға болады.
Сұлтанбек ШОЙБЕКОВ,
«Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институтының Ақмола облысы бойынша
филиалының директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар