Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім саласы – алдыңғы кезекте - АРҚА АЖАРЫ

Білім саласы – алдыңғы кезекте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тек 2015 жылдың ғана емес, еліміздің  қарыштап дамуының «Нұрлы жолының» бірнеше жылға арналған саяси-экономикалық, әлеуметтік бағдарламасы болып табылады.

Елбасымыз саяси әрі тарихи құжатта ел дамуының басты алғышарттарын көрсетіп, бірнеше басым бағыттар ұсынып отыр. Жолдауда еліміздің сыртқы және ішкі саясатын ұстанудың  тиімді жолдары жіті сараланған.
Президентіміздің «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі» деген сөзі біраз мәселені аңғартады. Елбасының өзі айтпақшы, Жолдаудың ең басты түйіні де осы. Мен де Жолдауда айтылған  мәселелермен жете танысып шықтым.  Білімді де білікті мамандар даярлау ісі басты мақсатымыз болғандықтан, Елбасының білім саласына қатысты білдірген түйінді ойлары көңіліме қуаныш ұялатты.  Бірінші кезекте апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу үшін бар жағдай жасалуы қажет екені атап өтілді. Бала бақшаларының жетіспеушілігіне де кеңінен тоқталып, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін үш жыл бойы осы мақсатқа қосымша 20 миллиард теңге бағытталатынын айтып көрсетті. Сондай-ақ, индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде  ғылымның экономикалық салаларына мамандар даярлауға  байланысты  қамтамасыз етілетін 10 жоғары оқу орнының  анықталғанын айтып, осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Әсіресе, Елбасы өз Жолдауында қазақстандық қоғамның басты құндылығы – Мәңгілік ел идеясы патриотизм мәселесімен  тығыз байланысты екеніне ерекше тоқталды.
Шәкірт тәрбиелеу ісінде өзіміздің оқушыларымызға әрқашан қазақстандық патриотизмнің жасампаз тұлғасы жастар екендігін айтудан еш жалыққан емеспіз. Осы орайда, Елбасының сарабдал саясатын жүзеге асыру ісіне ұжым мүшелері – бәріміз  бір кісідей атсалысатын боламыз. Бұл үшін әрине,  колледж түлектерін Отанды сүйіп, бабалардан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды құрметтеп, қастер тұтуға тәрбиелеуіміз керек.
Ұлт Көшбасшысы стратегиялық маңызды құжатта біздің алдымызға келелі міндеттер қойып отыр. Жолдау сөз жоқ, көңілімізден шықты. Президент саясатын қолдап, ондағы білім саласына қатысты міндеттердің іскерлікпен шешілуіне өзіміздің лайықты үлесімізді қосатын боламыз.
   
Құралай ЫДЫРЫСОВА,
Ақан сері атындағы Көкшетау
мәдениет колледжінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар