Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылжымайтын мүлікті тіркеуде кедергі болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Жылжымайтын мүлікті тіркеуде кедергі болмайды

2021 жылғы 26 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған еді.

Заңға түзетулерді қабылдаудың алдында қолданыстағы заңнамаға мониторинг және құқықтық қолдану практикасына талдау жасалған болатын. Түзетулер негізінен жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелеріне қатысты болды.

Осылайша осы Заңмен құқық бұзушыларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-бабы алып тасталды.

Соңғы төрт жылда бұл саладағы әкімшілік өндірістердің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бұл меншік иелерінің мүліктерін уақытылы тіркейтінін және құқықтарын толыққанды іске асыратынын айғақтайды.

Қандай да бір мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, нотариуста меншік құқығы туралы куәлік ресімделгеннен және құқықты тіркеу үшін ақы төленгеніп, тіркеуші орган құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) электрондық тіркеуді дереу жүзеге асыруы тиіс. Жаңа заңдағы бұл өзгеріс жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу кезінде мерзімдерді бұзуға жол бермейді.

Осы заңмен, құқық ауыртпалықтарын, заңдық талаптарды тоқтатуды тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл меншік иелеріне өз мүлкіне жедел билік етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге заңды түрде жауапты болып танылады. Меншік иесі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында жер учаскесі бар тұрғын үйді сатып алып, ескі үйді бұзып, жаңасын салады. Алайда, объектіні бұзу туралы құжаттың болмауынан салынған үйге құжатты заңдастыру қиын болатын.

Жаңа заңда бұл мәселе де оң шешімін тапты. Бұл олқылықты жою жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтерді уақтылы жаңартуға және тиімді салық салуға ықпал етеді.

Жанат Жакулина,
Ақмола облысы әділет департаментінің бөлім басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар