Қарқынды технологиялық даму мен цифрландырудың қазіргі әлемінде адам қызметінің барлық салаларында қаржы секторын, оның ішінде төлем құралдарын дамыту мен жетілдіру проблемасы туындап отыр. Үйреншікті қағаз ақшалар бүкіл әлемде қолма-қол ақшасыз төлемдердің қарқынды дамуының талабымен өз позицияларын төмендетті және Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта әр адамның кем дегенде бір банктік картасы бар, тіпті кейбіреулері қолма-қол ақша алып жүрмейді және төлемдерді мобильді қосымшалар мен смартфондардың көмегімен жүзеге асырады. Бұл қаржылық қызметтерді тұтынушылардың көңілінен шыққан қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесінің бірқатар артықшылықтарының әсері. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі төлем карталары мен мобильді қосымшаларды ұстаушыларға өз уақытын үнемдеуге, ұзақ уақыт кезекте тұрмауға, сондай-ақ бонустар төлеу немесе жұмсалған сомалардың бір бөлігі-кэшбэкті қайтару есебінен қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, төлем картасы қолма-қол ақшаны алып жүру қажеттілігін және ақшаны ұрлау немесе жоғалту тәуекелдерін жоққа шығарды.
Тұтынушы арасында қолма-қол ақшасыз төлем қызметіне сұраныс кәсіпкерлерді нарықты тиісті техникалық құралдармен – банктік карта арқылы төлемдер жүргізілетін POS-терминалдармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды тудырады. Ол үшін кәсіпкер банкпен эквайринг – жүргізілетін транзакцияларға қызмет көрсету бойынша банктік қызмет көрсету туралы шарт жасасуы тиіс.
Көбінесе бизнесмендер күрделі және қымбат сервис деп санай отырып, қолма-қол ақшасыз төлеммен жұмысты бастаудан бас тартады. Орташа алғанда, банктердің комиссиясы банктік карталары бойынша айналымның 1,5-тен 4 пайызына дейін құрайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің айналымы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым комиссия төмен болуы мүмкін. Бұл ретте бүкіл әлемнің тәжірибесі эквайрингке арналған шығыстарды шығындар ретінде емес, бизнесті дамытуға салынатын инвестиция ретінде қабылдау керектігін көрсетті. Төлем карталарын қабылдау жаңа қаржылық сауатты клиенттерді тарту есебінен түсімді арттыруы, инкассация шығыстарын және қолма-қол ақша айналымымен байланысты тәуекелдерді, оның ішінде жалған купюраларды алу тәуекелдерін төмендетуі мүмкін. Бұдан басқа, қазір тауарды сататын барлық сауда орындарында қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау құрылғысының болуы міндетті.
Бүгінгі таңда банктер көптеген дүкендер мен басқа да сауда нүктелерін эквайрингке қосуға мүдделі және клиент үшін бір-бірімен бәсекелестікке күресуге дайын. Сауда нүктесінің иесінен тек шартқа қол қоюға келісім ғана талап етіледі. Қалғанының бәрін банк өзі жасайды: POS-терминалды әкеледі және қосады, қызметкерлерді онымен жұмыс істеуге үйретеді, пайдалануы бойынша әрі қарай кеңес береді.
POS-терминалды орнатудан бас тартудың тағы бір себебі шалғай аудандарда коммуникациялардың болмауы болуы мүмкін, бірақ телекоммуникациялардың ел картасында «ақ жолақтарды» аз қалдырып, жоғары қарқынмен дамуына байланысты бұл мәселе біртіндеп шешілуде.
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсіп келе жатқан танымалдылығына клиенттердің барынша көп санын тартуға тырысатын банктердің белсенді жұмысы ықпал етеді. Банктер өздерінің карталарын ұстаушыларға «пластикті» белсенді пайдалану кезінде шығындалатын қаражатты үнемдеуге немесе қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсауға болатын бонустарды жинақтауға болатын түрлі бонустық бағдарламаларды ұсынады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының төлем карталарын ұстаушыларға сауда терминалдары (POS-терминалдар) арқылы 8131 сауда нүктелерінде тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға мүмкіндік берілді. Бұл жабдық 6175 сауда және қызмет көрсету орындарында орнатылған.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығын дамыту «көлеңкелі экономика» көлемінің қысқаруына, ақша ағындары ашықтығының артуына, қаржы нарығын дамытуға, банктер арасында бәсекелестіктің күшеюіне және қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасының өсуіне алып келеді.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.