Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызметтің нормасы мен тарифі бекітілді - АРҚА АЖАРЫ

Қызметтің нормасы мен тарифі бекітілді

Бүгінгі таңда Біржан сал ауданында қатты тұрмыстық қалдықтардың 31 полигоны жұмыс істейді. Олар сот шешімімен иесіз деп танылып, ауданның коммуналдық меншігіне алынды.

Степняк қалалық және селолық округтердің әкімдіктері қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жер учаскесіне құжат толтыруды аяқтады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 6 424,0 теңге бөлінді. Ауданның елді мекендеріндегі қоқысты бөлек-бөлек жинау үшін 418 дана контейнер жасалды. Олар контейнерлік алаң орнату үшін ауылдық елді мекендердің әкімдігіне берілді. 50 аулаға төрт контейнері бар 1 алаң орнатылады. Биылғы жылы аудан бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу тарифі мен нормасын бекіту жұмысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, әкімдік, тұрғындар және елді мекендерден қоқыс шығаратын рынок субъектісі арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автокөлік жолы бөлімі қатты тұрмыстық қалдықтарды көму, жинау тарифінің есебі, қалдық жиналу нормасының есебін ұсыну қызметі бойынша «Қалдықты нормалаудың қазақстандық орталығы» серіктестігімен келісім-шартқа отырды.

Норма мен тарифті бекіту ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды жиі жинау және шығару жүйесін орнатуға, көрсетілген қызмет үшін пәтерлік төлемақыны реттеуге мүмкіндік береді. Бекітілген норма мен тариф ауданның барлық елді мекендері бойынша жұмыс істейтін болады.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар