Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа Кодекс түсіндірілді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа Кодекс түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова мен облыс әкімдігінің бас маманы Ләззат Жантастың қатысуымен брифинг болып өтті.

Жиын барысында білікті мамандар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс жайлы тарқатып айтып берді. Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі мен арыз-шағымдарды қабылдайтын «Нәтиже» орталығы туралы да баяндап, журналистер қойған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.
Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі. Бұл алдымен арыз-шағымдардың жауапсыз қалдырудың алдын орайды. Жиында белгілі болғанындай, алдағы уақытта тұрғындардың мәселесіне жауапсыздықпен қарап, өтінішіне салғырттық танытқандар жауапқа тартылатын болады. Мұндай жағдайда өтініш иесі сотқа да жүгінуіне құқылы. Екпін түсіре айта кететін жайт, ендігі ретте өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды. Бұған дейін ол бір ай мерзімі ішінде қаралса, енді 15 күн ішінде қаралуы тиіс. Жаңа Кодекстің аясында аталмыш жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілер арнайы даярлықтан өткен.
Айнагүл Жанәділованың айтуынша, бұл құқық саласындағы жаңа арна. Ол мемлекеттік органдардың қызметін ашық әрі қолжетімді етеді. Мәселен, алдағы уақытта өтініш беруші «Е-Өтініш» біртұтастық ақпараттық жүйесі арқылы өз өтінішінің қаралу барысын қадағалай алады. Айта кетуіміз керек, қазір көп адамдар заманауи технологияларға бейімделген. Яғни, қызметтің көп түрі цифрландырылған. Ендігі орайда мемлекеттік органға арыз-шағымдар да электронды түрде қабылданатын болады. Ләззат Жантастың айтуынша, осы ретте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындар үшін аса оңтайлы. Қазіргі таңда көптеген электронды сервистер заман талабына сай жетілген. «Е-Өтініш» және «Нәтиже» ақпараттық жүйелері де осы мақсатта құрылып отыр.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар