Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа саябақ келешекте жан саясына айналады - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа саябақ келешекте жан саясына айналады

Үстіміздегі жылы Есіл ауданының орталығы Есіл қаласын абаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен 87 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Оған қоса, 160 миллион теңге қаладағы автокөлік жолдарын жөндеуге бағытталып отыр.

Мұның барлығы қала тұрғындарына өмір сүру үшін жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жасалып жатқанын айтуымыз керек. Бүгінгі таңда қаладағы жалғыз саябақ Гагарин көшесінің бойында орналасқан. Бұл парк қала ортасында болғандықтан, оған қаланың Больничный және Космос шағын аудандарының тұрғындары жете алмайтын көрінеді. Осы ретте, қала әкімі Ғазиз Айтмұхамбетов Есілді дамытудың бас жоспарына сәйкес, қаланың солтүстік бөлігінде құрылыс жұмыстары басталғанын және сол жерде демалыс орны бой көтеретінін айтты.
–Үстіміздегі жылы біз Ғарышкерлер көшесінің бойындағы 2700 шаршы метр аумақта жүргіншілер жолы, демалыс алаңдары бар, көгалдандырылған және жарықтандырылған саябаққа орын бөліп қойдық. «Ақсу Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын бастап кетті, – деген Есіл қаласының әкімі биыл қаладағы бірқатар қоғамдық аумақтар жөндеуден өткізіліп жатқанын айтты. Саябақ аумағы көгалдандырылады. Бұдан бөлек, осы жылы қаладағы көпқабатты үйлердің маңына 5 балалар спорттық-сауықтыру алаңдары орнатылады.
Александр Ласточкин (суретте) қаладағы Ғарышкерлер көшесінің бойында саябақтың құрылысын жүргізіп жатқан «Ақсу Есіл» серіктестігінің жалдамалы жұмысшысы. Ол мұнда биылғы жылдың маусым айынан бастап тас төсеуде. Саябақтағы жаяу жолдың сапалы, әрі біркелкі болып шығуы үшін еңбек адамы барын салып жұмыс істеуде. Қажетті материалдар уақытында жеткізіліп тұрса, саябақты алдағы күзде пайдалануға береміз деп отыр.
–Өзім Есіл қаласында туып-өстім. Туған жерімнің көркейіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалып жатқанына қуанамын және өзім де еңбегіммен осы іске үлес қосып жатқаныма ризамын, – деді Александр.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар