Волонтерлік қозғалысты дамытудың жаңа мүмкіндіктері қаралды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетауда «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің өкілдері облыстың волонтерлік корпусымен кездесті.

Іс-шараға «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің басшысы Татьяна Миронюк, фронт-офистің сарапшысы Олжас Әбдіхамитов, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, түрлі волонтерлік ұйымдардың белсенділері, облыстың аудандары мен қалаларының жастар ресурстық орталықтарының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар волонтерліктің жол картасын іске асыру, волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеу мәселелерін талқылады, волонтерлікті дамытудың жаңа бағыттары туралы идеяларымен және пікірлерімен бөлісті.
Бүгінде Қазақстанда 600-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Жыл сайын елімізде белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге және мұқтаж адамдарға көмектесуге ниет білдірген еріктілер саны артып келеді.
–Біздің кездесуіміз нәтижелі өтуде. Қатысушылар өз аймағында волонтерлікті жүзеге асыру туралы әңгімелейді, волонтерлік қызметті қолдау стандартына енгізу үшін өз ұсыныстарын білдіріп, волонтерлерді одан әрі дамыту жолдарын ұсынады, – деп өз ойымен бөлісті Татьяна Миронюк.
Кездесу соңында «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің өкілдері аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін есептіліктің жаңа нысандарын ұсыну бойынша оқыту өткізді.
Айта кетейік, ақмолалық еріктілер qazvolunteer.kz еріктілердің бірыңғай онлайн-платформасына белсенді қатысуда, онда 1180 волонтер және өңірдің 90 ұйымы тіркелген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар