Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының мүддесі алдыңғы орында тұруы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының мүддесі алдыңғы орында тұруы тиіс

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету саласы еңбеккерлерінің кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин кәсіподақ пен мемлекеттік органдардың осы саладағы бірлескен жұмысы жөнінде айтып берді.

–Кәсіподақ біздің мемлекетіміздегі ең көп мүшесі бар ірі қоғамдық бірлестік. Оның басты міндеті – еңбеккерлердің құқы мен мүддесін қорғау. Алдағы уақытта бұл жұмыс әжептәуір жақсаруы тиіс. Әр ұжымдағы кәсіподақ ұйымдарының белсендігін арттырып, басшыларымен бірігіп жұмысқа қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл мәселелер жөнінде өңірімізде кәсіподақ комитетінің басшысымен бірқатар ауқымды жұмыс жүргізілуде,–деген филиал төрағасы кәсіподақтың қажеттілігі жөнінде айтты. Бұл бірлестік кәсіподақ пен отбасы мүшелерінің құқы мен мүддесін қорғайды. Ұжымдық келісім енгізіліп, келісім мен ұжымдық келісім-шарт жасалады. Ұжымдық еңбек дауы реттеліп, ұжымдық іс-қимыл ұйымдастырылады.
Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту үшін жағдай жасалады. Еңбек заңнамалығы мен еңбекті қорғау ережесін сақтауды кәсіподақ бақылайды. Оған тұрмыстық жағдай мен кәсіподақ мүшелерінің демалысы кіреді. Кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетіледі. Кәсіподақ ұйымының мақсаты – еңбеккерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралы жұмыс берушімен әріптестік диалог болып табылады. Мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету еңбеккерлері кәсіподағының Ақмола облыстық филиалына облыстық және аудандық әкімдіктер, облыстық және аудандық мәслихаттар, барлық департаменттер мен ведомстволар кіреді.
–Бүгінгі күні филиалда 3544 кәсіподақ мүшесі бар 188 бастапқы кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. 2019-2021 жылы 56 бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылды. 35 жасқа дейінгі жастар саны көбейді. Пандемияның салдары әркімді тығырыққа тірегені белгілі. Қаржылық қиыншылыққа қарамастан, пандемиямен күрес бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.
Біздің өтініш бойынша орталық комитет 350 мың теңге бөлді. Бұл қаржыға медициналық жабдықтар сатып алынды. 250 мың теңгеге блок бекеттер үшін қажетті тұрмыстық жабдықтар алынды. Аудандық кәсіподақ ұйымдары мен бастапқы кәсіподақ комитеттері жергілікті жерде індет жұқтырған кәсіподақ мүшелеріне 1 миллионға жуық теңгенің материалдық көмегін көрсетті. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Целиноград пен Зеренді аудандарында бастапқы кәсіподақ ұйымдары құрылды. Облыс орталығының бірқатар бастапқы кәсіподақ ұйымдарында болып, кәсіподақ белсенділерін Құрмет грамотасымен марапаттадық. Наурыз мерекесі қарсаңында жұқпалы індетпен күресіп жүрген денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының төрайымдарына сый-сияпат жасадық. Мемлекеттік қызметкер күніне орай бірқатар аудандарда болып, кәсіподақ белсенділерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттадық. Соңғы екі жылда «Кәсіподақ қайраткері» медалін Қабдуәли Құлышев, Ермек Мусина, Дина Ахметжанова сияқты бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшыларына және Николай Подрезов сияқты кәсіподақ белсенділеріне табыс еттік. 2020-2021 жылдары шипажай мен демалыс үйлеріне жеңілдетілген жолдамамен 40 кәсіподақ мүшесі жіберілді. Барлық салалық кәсіподақтың қатысуымен заң клиникасы құрылды. Мұнда еңбеккерлердің құқы мен мүддесін қорғау мәселесі талқыланады. Ұжымдық келісім-шартқа отыру арқылы қосымша әлеуметтік жеңілдік, кепілдік, компенсация ұсынылады. 188 бастапқы кәсіподақ ұйымының 92 пайызы келісім-шартқа отырған. Облыстық әкімдіктегі үшжақты комиссияға қатысамыз,–деген облыстық филиалдың төрағасы Боранбай Бегалин журналистер сауалдарына тұшымды жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар