Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Боксшыларымыздың тақа жолы болмады - АРҚА АЖАРЫ

Боксшыларымыздың тақа жолы болмады

Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар да қатысып жатқан бокс турнирі одан әрі жалғасуда. 63 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Закір Сафиуллин австралиялық Гарри Гарсайдпен қолғап түйістірді.

Үш раундтан кейін Гарсайд қарсыласынан басым түсіп, 3:2 ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті. Өкінішке орай, біздің боксшының жолы болмаған бұл сайыста тағы бір үмітіміз ақталмады. Енді австралиялық боксшы жартылай финалда өнер көрсетеді.
Осыдан кейін Қазақстан Олимпиадада медаль жолындағы күресте өзінің алтыншы боксшысынан айырылды. Бұл арада біз барлығы 9 боксшымыздың алтауының турнирді одан әрі жалғастырмайтынын айтып отырмыз. Бұған дейін Токиода Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Абылайхан Аманқұл (71 келі) медальдар үшін сайыстан тыс қалған болатын. Боксшылар турнирін әзірше Сәкен Бибосынов (52 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) одан әрі жалғастырмақшы. Соңғы боксшымыз кешегі жекпе-жегінде қарсыласын нокдаунға жіберіп, өзіне кемінде Олимпиаданың қола медалін қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстандық гимнаст Милад Карими де гимнасшылар сайысында ойдағыдай өнер көрсете алмады. Ол бағандағы жаттығуларда 11.266 нәтижесімен алдыңғы үштіктен шеттеп қалды. Сөйтіп, Олимпиада медалі үшін күресе алмайтын болды. Осы жаттығулар квалификациясында ол алдында екінші нәтиже көрсеткен болатын (14.766). Бұдан бұрын Карими көпсайыста 14-ші орынға, ал, еркін жаттығулар сайысында бесінші орынға табан тіреген еді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның олимпиадалық құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлетшілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған еді. Жалпы жағдай еліміздің құрамасының Токио Олимпиадасында бұрынғы Олимпиадаларға қарағанда сылбыр өнер көрсетіп жатқанын аңғартып отыр. Токио Олимпиадасы 8 тамыз күні мәресіне жетеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар