Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарымызға әр істе орын бар - АРҚА АЖАРЫ

Жастарымызға әр істе орын бар

12 тамыз – Халықаралық жастар күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Көкшетау автобус паркі» серіктестігінде еңбек ететін жастармен кездесіп, олардың еңбек және тұрмыстық жағдайына назар аударды, сондай-ақ, төл мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Жыл сайын 12 тамызда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Аталмыш мерекені 1998 жылғы тамызда Лиссабонда өткен Жастар ісі жөніндегі министрлердің дүниежүзілік конференциясының ұсынысы негізінде Біріккен ұлттар ұйымының Ассамблеясы 1999 жылғы 17 желтоқсанда бекіткен болатын.
Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысқан аталмыш іс-шара жұмыс істейтін студент және оқушы жастардың елдегі жастар қозғалысын дамытуға және ынталандыруға деген қызығушылықтарын арттыру, талантты және белсенді жастардың ерекше еңбегін мо-
йындау, сондай-ақ, жастардың ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастыққа, қоғамдық санада қазіргі заманғы табысты жас қазақстандық идеалын қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.
Облыс орталығындағы ірі автокөлік кәсіпорындарының бірі саналатын ұйымда жастар көп емес, бірақ олар бар. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары бітірген жастар мұнда кондукторлар мен диспетчерлерден бастап, инженерлер мен жеңіл көлік жүргізушілеріне дейінгі мамандықтарды меңгерген. «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Әсия Шәрімованың айтуынша, өкінішке орай автобус жүргізушілері арасында жастар жоқ, яғни, қоғамдық көлік жүргізушілеріне деген қажеттілік жоғары. Мұнда 100 шақты жүргізушінің орны бос екен. Бұл орындарға жастардың келгені дұрыс екендігін атап өтті ұйым басшысы.
– Ақмола облысында 150 мыңнан астам жас білім алып, жұмыс істеуде. Бұл жастар түрлі қозғалыстарға тартылған студенттер. Осы жастар санаты туралы біз барлық жағдайды көріп-біліп отырамыз. Олардың не істейтіндігі, оларды қандай мәселелер толғандырып жүргені, не мақсаттары бар екендігін білеміз. Ал, енді жұмыс істейтін жастардың жағдайын да назарға алғымыз келеді. Ауыр еңбектен қорықпайтын, жауапкершілікті сезініп жұмыс істейтін адамдар қашан да құрметке лайықты. Әсіресе, өзінің еңбек жолын өндірісте жұмыс істеп бастайтындар ешқашан қиындықтан мойымайтын, мықты маман болып қалыптасады. Сіздердің көпшілігіңіздің жауапкершілік деңгейлеріңіз жоғары, саналы түрде автокөлік саласын таңдадыңыздар деп сенемін, –дей келе Айна Ермекқызы ұжымдағы жастарды мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді және аймақ басшысының атынан естелік сыйлықтар табыс етті.
Халықаралық Жастар күнінде «Көкшетау автобус паркінің» ұжымында Жастар ісі жөніндегі комитет құру туралы шешім қабылданды, ол мұнда жұмысқа келген қыз-жігіттердің әрқайсысын қамқорлығына алып, ұжымда бейімделуге, мамандыққа үйренулеріне көмектеседі.
Алексей ЧАЙКА,
Ырысалды ШАМШИЕВА.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар