Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

ҚазАқпарат – 2021 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толық тізімді мына жерден көруге болады. Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс. 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ҚР БҒМ Telegram -каналында жарияланды. Сонымен қатар, сағат 16.00-де:

— «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және https://egemen.kz/ сайтынан; — «Казахстанская правда» республикалық газеті және https://www.kazpravda.kz/ сайтында жарияланады; Айта кетейік, биыл Президент тапсырмасымен гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Осы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық. Құжат қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Үміткерлер арасында «Алтын белгі» иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған балалар бар. Балл тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады.

Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматы емес, ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған. Биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады.

Бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарында грантқа үміткер бола алатынын айта кетейік. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін кемінде 50 балл қажет.

Дереккһз: www.inform.kz/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар