Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екпе алғандар олжалы болды - АРҚА АЖАРЫ

Екпе алғандар олжалы болды

Коронавирус пандемиясымен күресудің ең басты қаруы – вакцина екендігін әлемнің дамыған барлық елдері мойындап отыр. Дегенмен, елімізде антиваксерлердің арандатушылық әрекеттеріне сеніп, денсаулығын қауіпке тігіп, вакцина алмаған қаншама адамның жарық дүниеден өтіп жатқандығын көгілдір экраннан да, әлеуметтік желілерден де байқап жүрміз.

Жақында жаңа оқу жылы басталады. Осыған байланысты республикамыздың ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов білім ордаларының барлығы санитарлық талаптарды сақтап, «Ashyq» қосымшасын орнатып, офлайн форматта жұмыс істейтіндігін мәлімдеген болатын. Бұл үшін облыстағы барлық білім ошақтары «Ashyq» қосымшасын орнатып қойды. Енді кез-келген білім ордасына кірер алдында оның қызметкерлерінен бастап, келіп-кетушілер, білім алушылар QR-кодпен тексеріліп, қосымшада жасыл мәртебе көрсетілген кезде ғана ішке өте алады.
Бүгінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылық құрамы мен қызметкерлері 91 пайыз екпе алыпты. Оқу орнының әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқтың айтуынша, қазіргі уақытта студенттермен осы мақсатта түсіндірмелік және ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
–Пандемияға байланысты қауіпсіздік шаралары бізге ғана емес, барлық оқу орындарына қажет. Сондықтан, санитарлық эпидемиологиялық қызметтің талаптары бойынша және министрліктің ережелеріне сәйкес студенттер офлайн оқулары үшін толығымен екпе алулары қажет. Әркім өзінің денсаулық қауіпсіздігін ойласа вакцина алуға қарсылықтарын білдірмейді деп ойлаймын. Қазіргі әлемдегі жағдайдың қандай қиын екендігін, алысқа бармай өзіміздің елімізде ушығып тұрғандығын байқап жүрміз. Былтырғы оқу жылында біздің университет осы індеттің кесірінен талай тарландардан, профессорлар мен оқытушылардан, ғылым докторларынан айрылып қалды. Сондықтан, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір студентіміз бен магистрларымыз өз денсаулықтары үшін осы вакцинаны алулары қажет. Бізге ұжымдық иммунитет керек. Қазір, шынын айтқанда статистиканы қарауға қорқамыз. Жұқтыру бойынша әлемде Қазақстан алдыңғы орындарға шығып кеткен. Сол себепті, біздің университет қызметкерлер мен студенттер арасында вакцина алуға қызығушылықтарын ояту үшін ұтыс ойынын өткіздік, –деді Ғалым Сембекұлы.
Кездейсоқ сандар генераторы тәсілі бойынша өткізілген ұтыс ойынының алғашқы кезеңінде университет оқытушылар мен қызметкерлер арасында екі 50 мың теңгелік, үш 25 мың теңгелік сертификаттар мен Зеренді ауданындағы «Тұлпар» сауықтыру кешеніне үш жолдама ойнатса, студенттер арасында он 25 мың теңгелік сертификаттар таратты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ұтыс ойынының екінші кезеңі қыркүйектің орта тұсында өткізілмекші. Онда үш 50 мың, екі 25 мың теңгенің сертификаттары мен «Тұлпар» сауықтыру кешеніне 2 жолдама ойнатылмақшы. Бұған қоса, студенттік топтар арасында да аталған сауықтыру кешеніне демалуға топтық жолдамалар ойнатылатын болады.
Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова екпе алған ұтысқа қатысушылардың жеңімпаздарына ресми түрде сертификаттар мен жолдамаларды тапсырды. Олардың ішінде 50 мың теңгенің сертификатын ұтып алған қатардағы техникалық қызметкер Қарлығаш Шалқарова, 25 мың теңгелік сертификатқа ие болған студент Дәулет Берікжан, «Тұлпар» сауықтыру кешеніне жолдама ұтып алған заңтану факультетінің оқытушысы Ұмсын Тілеубердина және тағы басқалары бар.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар