Қажетті жемшөп қорын жасау мүмкіндігі бар

Биыл жемшөп дақылдарының көлемі 191,4 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 мың гектарға артық. Соның ішінде, сүрлемдік жүгері 12,2 мың гектар. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдардағы қысқы мал қыстату науқанына шаруашылықтардың барлық санаттарында шөпке болжамды сұраныс 1260,0 мың тонна, жемшөп 650,0 мың, пішен 245,0 мың, сүрлем 190,0 мың.

Облыс бойынша бүгінгі таңда 983,5 мың тонна шөп дайындалған. Шөптің жоспарға жетіспейтін мөлшері шамамен 85 мың тоннаны құрайды. Нәтижесінде қолда бар былтырғы қорды ескере отырып, сұраныс 78,1 пайызға қанағаттандырылған. Қазіргі таңда пшендеме дайындау басталды. Бұл дақыл қажеттілігіне қарай 245 мың тонна керек. Әзірше 96,7 мың тонна жиналған. Қосымша жемшөпті, яғни, пішенде мен сүрлемді жаппай жинау тамыз бен қыркүйек айларында жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 10 мың тонна көлемінде шөп дайындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне дизель отынына қосымша сұраныс бойынша өтінім жіберілген.
Жалпы, облыста 1,5 мыңға жуық шөп бригадасы ұйымдастырылған. Ал, олардың еншісінде 8 мың трактор, 2,5 мың тіркеме, 1,1 мың шөп шабатын машина, 2 мыңнан астам шөп тайлағыш, 700 дестелегіш бар. Осы күшпен облыс бойынша биыл қажетті жемшөп қорын жасап алуға жеткілікті мүмкіндіктер бар деп қорытынды шығаруға болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар