Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.
Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.
Дереккөз: ҚазАқпарат