Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы, Қазақстан халқы Ассамблея-сы жастар қанатымен және «Жастар» педагогикалық отрядымен бірлесіп, «Таңғы жаттығу» флешмобын өткізді.
Оған көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінен екі жүзден астам оқушы және онымен бір мезгілде Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарынан жалпы саны бес мыңға жуық студент жастар қатысып, әсем саздың әуенімен таза ауада дене жаттығуы жасалды. Елбасы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына халықты, әсіресе жастарды көптеп тарту қажеттігіне назар аударғаны белгілі. Сондықтан, ақпан айындағы «Салауатты ұлт. Спорттық Қазақстан» көпшілік шарасы аясында өткізілген флешмоб осы бағытта қолға алынған игі қадам болып табылады.
Эсет ҚҰСИЕВА.
Көкшетау қаласы.