Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ОҚЫТАДЫ - АРҚА АЖАРЫ

БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ОҚЫТАДЫ

Облыс əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Достық үйінде бірнеше тілде оқытатын сыныптардың салтанатты ашылу рəсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Біз тəуелсіз де еркін, береке-бірлігіміз жарасқан көпұлтты елміз. Қазақстанда ұлттар мен ұлыстардың тілін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ал, көп тіл білу кез-келген адамға артықтық етпейді. Өйткені, тіл – білім кілті, қарым-қатынастың басты құралы. Сондықтан, қазақ ұлты мен Қазақстанды мекендейтін өзге ұлттар өкілдерінің тілдерін дамыту, насихаттау жəне қолдану аясын кеңейту үшін қазақ, орыс, ингуш, неміс, т ат ар, армян, поляк, кəріс тілдерін оқытатын сыныптардың ашылуы барлығымыз үшін мерей, – дей келе, облыс əкімінің орынбасары ұстаздар мен тыңдаушылар қауымына осы жолда табыс тіледі. Шарада облыстық «Русская община» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко да жылы лебіз білдіріп, Достық үйінің кітапханасына 200 дана өнер жəне əдебиет кіт апт ары мен орыс тілін оқып-үйренудің əдістемелік жинағын сыйға тартты. Сондай-ақ, облыстық «Видергебурт» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Корнеева мен облыстық «Вайнах» шешен-ингуш орталығы этно-мəдени бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиевтер тілдерді оқыту сыныптарының ашылуы ұлтаралық келісім мəселесіндегі орайы келген игі істің бірі екендігін атап өтті. Ал, қазақ тілі пəнінің мұғалімі Раушан Хасенова ұстаздар атынан үйренушілерге саналы тəрбие, сапалы білім беруге уəде етті. Сыныптардың барлығы заманауи құралдармен, оқу-əдістемелік кешендермен жабдықталған. Жиын барысында түрлі ұлт өкілдерінің əсем əні шырқалып, билері орында лды. Көрермен қауым «Динар-ай» би жəне «LITTLE STARS» вока лдық топтарының, Абылай Жомарт, Мирас Нұрышев, Данил Садовник, Яна Хабибуллинаның өнерлеріне риза болды. Шара соңында алғашқы қоңырау соғылып, білімге құштар өрендер сыныптарына жайғасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар