2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады.
Президент Жолдауы жыл сайын бірегей сипатқа ие, өйткені, онда қазіргі заманғы Қазақстанды жүйелі жаңғыртудың нақты бағдарламасы мен кешенді шаралары қамтылған. Өйткені, онда Мемлекет басшысы дәстүрлі түрде біздің қоғамымыздың даму векторларын білдіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауын еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналған.
Мемлекет басшысы экономиканы кредиттеуге, кәсіпкерлік қызметті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа бағдарламасын әзірлеуге, өнеркәсіп пен IT саласы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, көлік-транзит секторына; моноқалаларды дамытуға; елдің әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесін «қайта жаңғыртуға» ерекше назар аударды, себебі, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалар, сервис деңгейін арттыру, цифрландыруды дамыту және медициналық қызметтер мен білім беру сапасын қамтамасыз ету есебінен өсуі тиіс. Мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы сын-қатерлерге деген сенімді жауабы болатынына сенімдімін.
Жамул МУСХАНОВ,
«Сандықтау» ЖШС-нің директоры,
Қазақстан халқы Ақмола облысы
ассамблеясының мүшесі.