Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жапония астанасы Токиода өткен XVI жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып, жеңімпаз жəне жүлдегер атанған спортшылармен кездесіп, аса үздік спорттық жетістіктері үшін оларға мемлекеттік наградалар мен қаржылай сертификаттар тапсырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен: Давид Дегтярев – III дəрежелі «Барыс» орденімен; Зарина Байбатина, Теміржан Дəулет, Əнуар Сариевтер – «Парасат» орденімен; Нұрдəулет Жұмағали – «Құрмет»
орденімен марапатталды.
– Кеше ғана төрткүл дүние ерен ерік-жігердің, темірдей төзімнің, өмірге құштарлықтың куəсі болды. Жаратқан адамның мүмкіндігін шектегенімен, ниетін шектемейтінін көзімізбен көрдік. Токиода өткен Паралимпиада ойындарында тағдырдан теперіш көрген жандардың ерлігіне жер жүзі тік тұрып құрмет көрсетті.
Олай болуы заңдылық еді. Өйткені, олар тепсе темір үзетін, он екі мүшесі дін-аман, дені сау кей адамдар жете алмаған жетістікке жетіп, белесті бағындырып, жеңіс туын желбіретті.
Расында, бұл қандай құрметке де, қошеметке де лайық əрекет, – деді Қырымбек Елеуұлы. Сонымен қатар, Токио Паралимпиадасы
еліміз үшін аса табысты болғанын, дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 5 медаль иеленіп, еліміз үшін рекордтық көрсеткіш
орнатқанын атап өтті.
Қырымбек Көшербаев іс-шара барысында алтын медаль алған Давид Дегтяревке 106 миллион теңге, күміс медальге ие болған
Зарина Байбатина, Теміржан Дəулет, Əнуар Сариевтерге 63 миллион теңге, қола жүлдегер атанған Нұрдəулет Жұмағалиге 31 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.
Салтанатты іс-шараға ПремьерМинистрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.
Ж и ы н с о ң ы н д а Қ а з а қ с т а н спортшыларының атынан Давид Дегтярев пен Теміржан Дəулет сөз сөйлеп, Мемлекет басшысына алғыс айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.