Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елена Иванова ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлама жасады.
–Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – коронавирус инфекциясы, – деген ол, тек біздің елде ғана емес, бұл қауіпті індеттің бүкіл әлемде өзекті болып отырғандығын айтумен қатар, біздің өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға жан-жақты тоқталды.
Бүгінде облыс бойынша қауіпті індет жұқтырған 540 адам стационарлық ем алып жатса, 61-і реанимация төсегінде, 120-сы коронавирус салдарынан ауыр науқастанған, 9-ының халі өте ауыр жағдайда, 4-еуі өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына қосылған, ал, 88-і ылғалдандырылған оттегімен демалуда.
Коронавирус жұқтырған науқастарға 23 медициналық ұйым стационарлық медициналық көмекті көрсетеді, онда 1300 инфекциялық, 179 реанимациялық төсек-орын бар. 66 науқас коронавирустық инфекцияға байланысты ауыр жағдайда, бұл көрсеткіш өткен аптадағы 84 жағдаймен салыстырғанда, 10 пайызға төмендегені байқалады. Емделушілерге 13 мыңнан астам қашықтықтан кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылған. Сондай-ақ, ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, «COVID-19» баспасөз орталығының жұмысы ұйымдастырылып, онда денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік желілерді бақылау және талдау жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыста COVID-19-бен 40 мыңнан астам науқастың ауырғаны зертханалық жолмен расталып, тіркелген. Салыстырмалы түрде алсақ, өткен аптада 37 мыңнан астам науқас болса, қазіргі күні оның 7,7 пайызға өскені байқалуда. Оның ішінде 31 мыңнан астамы симптомды болса, 8 мыңнан астамы вирусты тасымалдаушылар
Бүгінгі таңда 814 науқас стационарлық ем алып жатса, 4650 адам амбулаторлық ем қабылдауда. Жағдайлардың жалпы санынан 23 мыңнан астам емханаға өздері келіп тексерілген кезде белгілі болған. Ал, 12 мыңнан астамы қауіпті індет жұқтырғандармен байланыста болған, 3400-ден астамынан профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Осы жылдың 7 қыркүйегінен 13 қыркүйегіне дейінгі соңғы аптада COVID-19-дың 1402 жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы аптадағы тіркелген 1677 жағдайға қарағанда 1,2 есеге төмендеген.
Хабарламашының айтуынша, өңірімізде коронавирустық инфекцияны жою мақсатында оған қарсы вакцинация салу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облысқа барлығы 629190 доза вакцина алынған. Тарқатып айтар болсақ, Sputnik V – 487200, QazVak – 10990, Hayat Vax – 61000, CoronaVak – 48000, Vero Cell – 22000 доза. Оның ішінде 332595 доза бірінші компонентті вакциналар болса, 296595-і екінші компонентті вакциналар. Жалпы, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, бірінші компонент бойынша 273343 адам вакцинацияланған. Тарқата айтсақ, оның 100671-і қалалықтар болса, 172672- сі ауыл тұрғындары. Ал, екінші компонентпен 233942 адам екпе алған.
Бүгінде облыстың өнеркәсіп орындарының 18745 қызметкері вакцинацияланған. Оның ішінде магистральдық кәсіпорындардың қызметкерлері мен мұғалімдер 90 пайызды құраса, 50 пайызды студенттер, мемлекеттік қызметшілер мен созылмалы аурулары бар адамдар 100 пайыз екпе алған. Облыста құрылған 133 вакцинациялау орталығы мен 135 мобильді топ жұмыс істеуде. Ал, тұрғындарға вакцинация жасау бойынша 564 медицина қызметкері тартылған. Сонымен қатар, вакцинация жасау үшін 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандарында ұйымдастырылған. Мұның бәрі қауіпті індетке одан әрі жол бермеу және вакцинацияны жеделдету мақсатында қолға алынып отыр.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.