Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ ұлттық драма театрының Көкшетаудағы гастрольдік сапары жалғасып жатыр. Осы үлкен өнер ұжымының топ жетекшісі, қазақтың белгілі өнер иесі Мұхтар Қапалбаевтың Көкше әсерінен туған жырларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Көкшетау күзің неткен әдемі еді,
Мүмкін бе жақсы көрмеу әсем сені.
Ауаң да шипалы ма байқағаным,
Адамның ашылардай тыныс демі.
Көкшетау болмаса да жаңа қала,
Салыстырсақ басқасынан таза қала.
Ақ қайың мен қарағайың көрік беріп,
Көзге шуақ береді жанға дауа.
Жапырағы төселіп жер бетіне,
Күзің де жарасып тұр келбетіңе.
Көкшетауым ұнатып қалдым сені,
Ем берші менің мына жан дертіме!
Ерекше құлпырады көркем қала,
Саған келіп тазарды ой мен сана.
Шым-шытырық ойлардан арылуға,
Арман етіп жүр едім мен баруға,
Жел қақтырар кеңістік аңсап жаңа,
Қажет те болмас енді маған дала.

Көкше күзі

Сыбдырласып Көкшенің орман бағы.
Келіп қалды деп аяз мұңаяды.
Сарғайған жапырақты ақ қайыңдар,
Сағынышты үдетіп ой салады.
Қарағай мен ақ қайыңы ормандағы,
Жайқалады алуан түрлі түске еніп,
Көкшенің күзі ерекше көріктеніп,
Көргенде ләззәт алар адам жаны.
Қаз бауыр бұлттары да аспандағы,
Әсем екен шабыт берді маған тағы.
Суретші бояуындай қанық бояу,
Мұңайғанмен адамның сынбас сағы!
Қарағайлар көк аспанға бой түзеген,
Ақ қайыңның күзге деген пейілі кең.
Жапырағын жайыпты шашу шашып,
Сыйым осы дегендей күзге менен.

Мұхтар ҚАПАЛБАЕВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар