Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірінші кезекте отандық вакцинаға қолдау көрсетіледі - АРҚА АЖАРЫ

Бірінші кезекте отандық вакцинаға қолдау көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша брифинг өтті.

Брифингке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қатысты.
–Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді, «Спутник V», «Синофарм», «QazVac». Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы IV тоқсанда Pfizer жеткізіледі деп күтілуде. Бұл ретте, тиімділігі жағынан шетелдік баламалардан кем түспейтін отандық вакцинаны қолдайтын боламыз», – деді
Е.Тоғжанов. Өткен айда «QazVac» вакцинасы 650 мың доза көлемінде өндірілді, осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.
Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет «Биологиялық қауіпсіздік туралы» арнайы заң қабылданады. Ол биоқауіптермен күресуге құқықтық негіз құрайды.
Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру көзделген. Бұл жүйелі негізде биологиялық қатерлерден қорғау бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жеке өндірісін дамыту басымдыққа ие. Бүгін біз өзімізді 17 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. 2025 жылға қарай ол 50 пайыздық деңгейге жетеді. Ол үшін Үкімет деңгейінде арнайы кешенді жоспар қабылданды» деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, Е.Тоғжановтың айтуынша, Қазақстанда санэпидқызметтің материалдық-техникалық жабдықталуы күшейтіледі. 12 зертхана жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылады. Бұл улы элементтерді, тұздар мен металдарды анықтау мақсатында тамақ өнімдеріне, балалар ойыншықтарына, суға және басқа да өнімдерге зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтардан өткізу орталығы құрылады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасында салауатты өмір салтына ерекше
көңіл бөлініп, нақты шаралар айқындалды.
«Бұл 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын ҚР азаматтарының үлесін 45 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.
Тағы бір басымдық – денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу және жаңа заманауи ауруханалар салу. Биыл Қазақстан Орталық Азиядағы онкологиялық ауруларды тиімді және ауыртпалықсыз емдеуге арналған «Гамма-пышақ» орнатылған елдердің біріне айналды. Егер бұған дейін жылына 50-ге жуық қазақстандық шетелге шығып, бір адамға орта есеппен 1 миллион теңге жұмсалса, биылғы мамыр айынан бастап Нейрохирургия орталығының базасында 142 ота жасалды.
Бұдан өзге, әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде заманауи медициналық орталықтар салынады. Заманауи
технологиялары бар әлемдік ауқымдағы алғашқы ауруханалар Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында салынып жатыр. Осылайша болашақта қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ, жоғары сапалы ем ала алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар