Орақ науқанында жанар-жағар майдан кідіріс болған жоқ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік техникалық инспекциясы және механикаландыру бөлімінің басшысы Қорлан Сағатов күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз етілу мәселелеріне тоқталды.

Ағымдағы жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 5,0 миллион гектардан астам алқапта астық жинау жұмыстарын жүргізді. Өнімді жинауға 8,4 мыңнан астам астық комбайндары, оның ішінде 3992-сі заманауи жоғары өнімді комбайндар қатыстырылды. Ақмола облысында егін жинау жұмыстарын жүргізуге мемлекет 77 мың тонна дизель отынының кепілдендірілген көлемін бөлді. Бұл өткен жылдардың деңгейінен 5 мың тоннаға жоғары. Кепілдендірілген дизель отынының көлемі егін жинау алаңдарының жоспарланған құрылымына қарай аудандар бойынша бөлінді. Дизель отынын жеткізу кестесі шілде-қыркүйек айларын қоса алғанда жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арналған дизель отынының бағасы бір литріне 184 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 15 пайыз арзан. Сондай-ақ, осы жылы Үкімет жемшөп дайындайтын науқанға қосымша 10 мың тонна дизель отынын бөлді. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде дизель отынын жеткізуші операторларды анықтау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірлер әкімдіктері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тарта отырып, операторларды айқындау жөніндегі комиссиялар құрды. Комиссиялар шеңберінде 16 оператор және 5 дербес оператор – ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары айқындалды. Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарынан кепілдендірілген дизель отынын төлеу және жеткізу басым негізде жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда операторлармен бөлінген көлем толық төленді, оның 70,5 мың тоннасы тасымалданды, бұл жоспарлы көлемнің 91 пайызын құрайды.
Операторлардың дизель отынын уақытылы төлеу мен жөнелту жұмыстары аудан әкімдіктері мен Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында тұр. Жалпы, дизель отынының кепілдендірілген көлемін жеткізу және іріктеуде кедергілер жоқ.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар