Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының бірқатар ауданында коронавирусқа қарсы вакцинация аяқталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының бірқатар ауданында коронавирусқа қарсы вакцинация аяқталды

Ақмола облысының бірқатар ауданында тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау аяқталды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Вакцинацияға қатысты айтар болсам, екпенің 1-компоненті шамамен 300 мың адамға салынды. Бұл — екпе алуға тисті халықтың 69,1 пайызы. Ал екінші компонент 250 мыңнан астам адамға немесе екпе алуы қажетті тұрғындардың 61,4 пайызына салынды.
Аталған жұмыс жергілікті атқарушы органдардың, облыс басшылығының тұрақты бақылауында. Коронавирус инфекциясының алдын алу және өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы үнемі өткізіледі», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, соңғы айлардың ішінде өңірде вакцинацияға байланысты халықпен жұмыс күшейтілді.
Екпе бригадаларының саны 30-дан 130-дан астамға дейін ұлғайды. Вакцинация жұмысына 260 екпе пункті мен ұтқыр бригадалар жұмылдырылған. Ал облыстың шалғай ауылдарының тұрғындарын вакциналау үшін 11 жылжымалы кешен жұмыс істеп жатыр. «Бізде халық саны аз аудандар да бар. Онда жоспар шегінде халықты вакцинациялау аяқталды. Жұмысты жалғастырып жатырмыз және босаған жылжымалы медициналық кешендерді оның қызметін қажетсініп отырған елді мекендерге жіберіп жатырмыз», — деді Айна Мысырәлімова.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар