Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күл-қоқысты жинау үлкен мәселеге айналып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Күл-қоқысты жинау үлкен мәселеге айналып отыр

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың қатты тұрмыстық қалдықтарын қала сыртына шығару проблемасын алға тартты.

–Қазір қаланың қатты тұрмыстық қалдықтарын шығарумен «Көкше Тазалық», «EcoGroup 2020» серіктестіктері айналысады. Алғашқы серіктестік жөнінде айтатын болсақ, кәсіпорынның кірісі азайып, шығынын жаппайтын болды. Мәселен, олардың материалдық-техникалық базасы ескірген. Автопарк пен контейнерлерді жаңарту қажет. Оның үстіне 73,3 миллион теңге дебиторлық қарызы бар. Ал, «EcoGroup 2020» серіктестігі «Сарыарқа» шағын ауданының және Краснояр, Чайкино селосының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні кәсіпорын 4 873 абонентпен келісім-шарт жасады. Серіктестіктің 12,1 миллион теңге дебиторлық берешегі бар. «Көкше Тазалық» серіктестігі 15 қазаннан бастап, қоқыс шығаруды тоқтататыны жөнінде мәлімдеді,–деген қала әкімі жуырда осы мәселе бойынша мемлекеттік органдардың, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, мемлекеттік құрылтайшылардың, коммуналдық кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілгенін, оның барысында қоқыс шығару және қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигонын салу жөніндегі жол картасын әзірлеу, күл-қоқыс сақтауға арналған уақытша алаң құру жөніндегі мәселені зерделеу, жеке және заңды тұлғалардың қоқыстарын шығару тарифін ұлғайту мәселесі қарастырылғанын айтты.
2018 жылы экология органдарының ұсынысы бойынша «Көкшетау-Омбы» автожолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өз жұмысын тоқтатты. 2020 жылға дейін қаланың қатты тұрмыстық қалдықтары Краснояр селосының полигонына шығарылды. Бұған Элита селосының тұрғындары наразылық білдірген соң, қаланың күл-қоқысы «Көкшетау-Омбы» тас жолының бойында орналасқан полигонға шығарыла бастады. Қала басшысы журналистер қойған қосымша сауалдарға:
–Қазіргі уақытта инвесторлармен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Зауыт құрылысына жер телімі бөлінбекші. Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексінің барлық талаптарына жауап беретін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Бұл полигонды салу және қаланы күл-қоқыстан тазалау жұмысы тұрақты бақылауда,–деп жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар