Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарамен 72 кәсіпорын қамтылды

Бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында өңір кәсіпкерлерімен іскерлік кездесу өтті.

Кездесу барысында Департамент басшысы Арман Рахимов ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында мамандандырылған «Агромир» және «КОКШЕ CITY» кәсіпорындарының басшылығына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, жоба аясында одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға сенім білдірді.

«БІЗ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫСЫМЫНАН ҚОРҒАУҒА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТОЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ, СІЗДЕР АДАЛ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУЛЕРІҢІЗ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨРСЕТУЛЕРІҢІЗ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА «НӨЛДІК» ТӨЗІМДІЛІК ТАНЫТУЛАРЫҢЫЗ КЕРЕК», – ДЕП АТАП ӨТТІ АРМАН РАХИМОВ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАҒАН СӨЗІНДЕ.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастық бойынша барлық қызықтыратын мәселелерді қарап, негізгі ережелер, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрсетілген бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Енді «PBI» жобасы шеңберінде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 700 млрд теңгеге жуық жалпы инвестиция сомасына 72 кәсіпорны қамтылды, олардың ішінде «Көкшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «КАМАЗ Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС және басқалары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар