Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің келісімімен жəне қалалық мəслихат депутаттарының бірауыздан қолдауы негізінде өз өкімімен Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалған Алпысбай Қайыржановты қала активіне таныстырды.

Аудан активінде сөз сөйлеген өңір басшысы бұған дейін қала әкімі қызметінде болған Еркебұлан Баяхметовке атқарған игі жұмысы үшін алғысын білдірді. Ал, қаланың жаңа әкімі Алпысбай Қайыржановқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты бірқатар міндеттер жүктеп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Өздеріңізге белгілі, экономиканың өзегі – өндіріс. Степногорск қаласы потенциалы зор, өндірістік қала. Оның ел дамуына қосар әлеуеті зор. Ол облыс орталығы Көкшетау қаласынан кем түспеуі керек. Басты мақсат – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасалуы қажет. Ауыл, елді мекендерімізді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыру керек. Жаңадан тағайындалған қала басшысына депутаттармен және аудан активімен бірлесіп, осы міндеттерді шешуді тапсырамын, – дей келіп, Ермек Боранбайұлы өндірістік шаһардың әлеуетін арттырып, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізу, үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтамасыз ету, жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, аудандағы инфрақұрылымды дамытуды міндеттеді. Өз кезегінде сөз алған Алпысбай Қайыржанов өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, ауданның дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын баса айтты.
Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Фарида Есжанова да сөз алып, өңір басшысы Ермек Маржықпаевқа ұдайы қарт адамдарға көрсетіліп жататын зор құрмет пен ілтипаты үшін аймақтың ардагерлері атынан алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Аудан активімен кездесуден кейін облыс әкімі аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, шаһар тынысымен танысты. Атап өтуіміз керек, соңғы жылдары Степногорск қаласында жаңа демалыс орындары пайда болып, ескі саябақтар қайта қалпына келтіріліп, аумақты абаттандыру жұмыстары тиімді атқарылуда. Мәселен, бір ғана 7-ші мөлтек ауданында 1382 шаршы метр жолдарға жөндеу жүргізіліп, 180 шаршы метр тұрақ орындары ұлғайтылды. Сонымен қатар, қалада 8 спорттық және балалар алаңдары орнатылды. Бұл жұмысты жүзеге асырып жатқан мердігер компания – «Partners Realty» серіктестігі. Жобаның жалпы сомасы 35 миллион теңге көлемінде. Өңір басшысы ойын алаңдарын аралап көргеннен кейін мердігер компанияның жұмысына оң баға берді. Бұл жерде орналасқан жаңа сквер де қала тұрғындарының демалыс орнына айналғаны байқалады. Сквер жанында серуендеп жүргендер қарасы көп-ақ. Бұрындары бұл жер бос жатқан екен. Саябақ ішінен жаяу жүргіншілер жолы, дем алушыларға арналған орындықтар бар. Демалыс аймағын абаттандыру жұмысына жауапты мердігер компания – «STRONG SERVISE» серіктестігі. Жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 100,0 миллион теңге қаржы тартылған. Мұнда балалар алаңы, спорт алаңы, сондай-ақ, 30 жарықтандыру тіректері, 24 орындық орнатылған. Саябақты аралап көрген аймақ басшысы бұл тәжірибені облыстағы аудандарда да қолдану керектігін атап өтті.
Бұдан кейін облыс әкімі қалалық полиция басқармасы жанындағы жедел басқару орталығының (ЖБО) жұмысымен таныс-ты. Қазіргі таңда бұл мекеме техникалық жабдықтауды, атап айтсақ, ақпараттық бағдарлама кешенін орнатуды қажет етіп отыр. Бұл үшін 905 миллион теңге көлемінде қаражат керек. Өңір басшысы осы мәселеге байланысты өз ойын ортаға салып, алдағы уақытта қаржыландыру мәселесі кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді.

Бөгенбай батыр атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне өткен жылы облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін 60 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Айта кетуіміз керек, бүгінде бұл спорт ұйымына қарасты екі нысан бар. Бірі мектеп-интернат ғимараты болса, екіншісі колледж ғимараты. Күрделі жөндеуден өткен колледж ғимараты заманауи жабдықталған. 64 орынға лайықталған асхана, 16 оқу кабинеті, 2 зертхана, 1 медициналық пункт, салтанат залы, кітапхана, осы ғимараттың бесінші қабатында 30 балаға арналған жатақхана да бар екен. Бәрі жақсы-ақ! Алайда, колледжде сабақ оқып жүрген оқушы жоқ. Яғни, заманауи жабдықталған ғимаратта оқушыдан басқасының бәрі бар. Өкініштісі де сол. Бұл қалай дерсіз? Мектеп директоры Тұрсынбай Тоққожиновтың айтуынша, колледждің биыл ашылуына мемлекеттік лицензияның дер кезінде берілмеуі тосқауыл болған. Бұған пандемияның да өз әсері болғандығын баса айтады ол. Осыған байланысты өңір басшысы сала мамандарына қатаң сын айтып, жұмысты дер кезінде ширатып, атқара білмегендіктері үшін ескерту жасады.
Ақмола облыстық спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев болса, колледж ендігі жылы міндетті түрде іске қосылады деп уәде етті. Алайда, өткен жылы да осылай айтылса керек. Жалпы атап өтерлігі, егер де бұл колледж ойдағыдай жұмыс істейтін болса, мектеп-интернатында оқып жүрген талабы мол талантты жас спортшылардың болашағына даңғыл жол болатыны сөзсіз. Себебі, жасыратыны жоқ, мектеп интернатында оқып жүрген оқушылардың көбі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары. Кейбірінің мектеп-интернатынан түлеп ұшқаннан кейін, қандай да бір оқу орнына түсуге қаражаты болмай, спорттан қол үзіп қалатыны бар. Колледж ашудағы да басты мақсат та осы еді. Ал, қазір жұмыс істеп тұрған мектеп-интернатының атақ-даңқы зор, көп ішінен саф алтындай жарқыраған спорт саңлақтары баршылық. 21 жыл ішінде бұл мектептен 544 түлек түлеп шыққан, 250-ге жуық тәрбиеленуші ҚР Ұлттық құрамының сапында. Олимпиада ойындарының қатысушысы және жүлдегері Ирина Некрасова мен Анна Нурмухамбетованың осы мектеп-интернатының түлектері екендіктерін айтсақ та жеткілікті. Бай тарихы бар осындай мектеп-интернатының жанында колледждің жұмыс істегені жақсы.
Бұдан кейін өңір басшысы қалалық емханаға барып, ұжым тынысымен жақынырақ танысып, заманауи жабдықталған денсаулық сақтау мекемесінің ғимаратын аралап, көрді. Меншік нысаны «Viamedis» серіктестігіне тиесілі. Серіктестік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында ағымдағы жылдың тамыз айында емхана ғимаратына күрделі жөндеуді аяқтапты. Инвестиция көлемі 1,3 миллиард теңге. Серіктестіктің бас директоры Әсет Ахметовтың айтуынша, бұл емхана Степногорск қаласының, сондай-ақ, жақын маңдағы ауылдардың халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Мұнда 20 терапиялық, 15 педиатриялық учаскелер, амбулаториялық-емханалық көмек бөлімі, ауылдық медицина бөлімшесі, шұғыл көмек көрсету, әлеуметтік көмек, Фтизиатрия орталығы, тағы басқа құрылымдар бар. Емхана ауысымына 1020 келушіге арналған. Қазір мұнда 86 дәрігер жұмыс істейді. Дәрігерлердің орташа айлық жалақысы – 325 мың теңге көлемінде. Бұл емхана жабдықталуы жағынан өңіріміздегі маңдайалды емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев сапар соңында қала басшыларына мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды ширату керектігін қадап айтып, нақты міндеттер жүктеді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.
Степногорск қаласы.

Алпысбай Қуандықұлы Қайыржанов 1983 жылы 11 сәуірде Ақмола облысы, Шортанды ауданының Шортанды кентінде туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын инженер, 2020 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2006-2009 жылдар аралығында кәсіпкерлік құрылымдарда жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары Шортанды кенті әкімінің орынбасары, кейін әкімі болды. 2010-2014 жылдары Шортанды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2014-2019 жылдар аралығында Шортанды ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2019-2021 жылдары Ақкөл ауданының әкімі болып қызмет істеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар