Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір тәулікте 56 адам жұқтырды - АРҚА АЖАРЫ

Бір тәулікте 56 адам жұқтырды

Жалпы, облыста ағымдағы жылдың 6 қазанында COVID-19 қауіпті індеті анықталған 56 жағдай тіркелсе, оның 52-сі коронавирус жұқтырғандар, ал, төртеуінде індет симптомсыз өтуде.

Өңірімізде тәуліктік қуаттылыққа ие 10 зертхана жұмыс істейді. Олар Ұлттық сараптама орталығының филиалы, «Олимп», «Invivo» Genom, «LABCELL», «Alatau clinic», OXYMED серіктестіктері, облыстық фтизиопульмонология орталығы, Атбасар, Ақкөл аудандық ауруханалары. Олардан бір тәулікте 2 мыңнан астам ПТР анықтамасы алынған. Қауіпті індеттен көз жұмған соңғы бес жағдайлардың біреуі Бурабай «Авиценна» емханасынан, төртеуі жұқпалы аурулар орталығынан тіркелген. Ал, жалпы, бүгінгі күнге дейін осы қауіпті індеттен 397 адам көз жұмған.
Бүгінде коронавирустың ауыр түрімен 110 науқас ауырып жатса, 11-і өте ауыр жағдайда, 9-ы өкпені жасанды жолмен желдету аппаратына, ал, 73-і ылғалдандырылған оттегі аппаратына қосылған. Реанимация төсегінде 56 адам ем қабылдап жатыр.
Облыста коронавируспен күресте 5 жедел жәрдем станциясы жұмыс істейді. Облыс бо-йынша қауіпті індет жұқтырған науқастардың емханаға қоңырау шалуы да толастар емес.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар