Қысқы өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов биылғы жылу беру маусымында өрттен сақтану шаралары туралы айтып берді.

– Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылу маусымына дайындық кезеңі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Қызметкерлер Ақмола облысы аумағындағы тұрғын үйлердің жағдайын біліп, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын өтінді. Жылу маусымы басталғаннан-ақ, облыс аумағында 38 өрт оқиғасы тіркелді. Төрт миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Өрттің пайда болуына тұрғындардың электр құралдарын дұрыс қолданбауы себеп болады. Жергілікті атқарушы органдар мен өрт қауіпсіздігінің қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарын тіркеді. Жалпы саны 7508 отбасы. Алдағы уақытта, тұрғындарға көміртегі тотығын анықтау құрылғылары орнатылады. Осы уақытқа дейін көмірқышқыл газын анықтау датчиктерінің 2000-нан астамы қойылды. Жылу маусымының соңына дейін тұрғын үйлерге 1500-ге жуық датчиктерді орнату жоспарлануда. Әкімдік тарапынан халықтың әлеуметтік осал тобына мұржаларды күйеден тазалау мәселесі бойынша көмек көрсетілді. Жалпы, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелеріне сәйкес, мұржаларды күйеден тазарту жұмыстары кемінде үш рет жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, өрт бақылау басқармасының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары мен қоян қолтық жұмыс істейді. Жылу маусымы басталғалы теледидар, баспасөз және телеарналарда 200-ге жуық материалдар жасалды, – деді ол.
Тіркелген 38 өрт оқиғаларының 24-і тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы салдарынан, 11-і электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан және 3 оқиға қасақана өртеуден болды. Бұл оқиғалар бойынша материалдар аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді.
– Өрт қауіпсіздігін сақтау тұрғындардың денсаулығы мен өмірін қорғайды. Тұрғындарға жылу беру маусымында қазандық қондырғылары мен пеш жабдықтарын тексеру ұсынылады. Оларды жөндеп, күйелерін тазарту қажет. Өрт шығудың тағы бір басты себебі – елу жыл бұрын ескі үйлерде тартылған электрлік жылыту қондырғыларын пайдалану. Олардың жарамды мерзімі аяқталды. Электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі салдарынан қысқа тұйықталу пайда болады. Осыған байланысты, азаматтарға үйдегі электр желісін тексеретін арнайы мамандарды шақырып, сымдарды мұқият тексерген жөн. Қорытындылай келе, барлық профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, өрт әлі де орын алатынын атап өткім келеді. Өртке қарсы тұру үшін үгіт-насихат пен күрес шаралары мүмкіндігінше жиі жүргізілу қажет деп санаймын, – деген Думан Дәлешов журналистер сауалына тұшымды жауап берді.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ.
Суретті түсірген Советбек МағзҰмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар