Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады - АРҚА АЖАРЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік энергетика апталығы мен ХIV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында өткен «Әлемдік энергетикалық трилемма 2021 – компоненттер теңгерімі: энергетикалық аймақтар бойынша өзгерістер навигациясы» атты жаһандық пленарлық мәжілісте бейнеүндеу жасады.

Президент Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізіліп отырған Дүниежүзілік энергетика апталығының ұйымдастырылуын қолдады.

– Осы аптада 90 елдің басшылары мен беделді тұлғалары Қазақстанда бас қосты. Глазгода өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі СОР26 конференциясының қарсаңында қол жеткізілген нәтижелер мен ортақ болашаққа қатысты көзқарастарымызды талқылау үшін жиналдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы бағыттағы ұлттық басымдықтар мен міндеттемелер туралы айта келіп, Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен Париж келісімінің мақсаттары жолындағы жаһандық күш-жігерді толық қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әлемнің жаңа даму кезеңіне  қадам басқаны туралы пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, жаңа технологиялар қазба отын түрлерінен жаңартылатын қуат көздеріне, сутегі мен ядролық энергияға көшуді талап етеді.

– Мен Үкіметке 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруде жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 15 пайызға жеткізуді тапсырдым. Қазіргі таңда 2000 МВт-қа жуық жаңартылатын қуат көздері пайдалануға берілді. Қазақстанның көздеген мақсатқа жету жолындағы бағыты дұрыс. Алайда, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін тек жаңартылатын энергияға иек арту жеткіліксіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұстанған саясатына сәйкес Үкіметтің энергия өндіру, энергияны үнемді пайдалану, цифрландыру және тұрақты экономикалық өсім сияқты негізгі бағыттарды ілгерілетуге ықпал ететін бірқатар ұлттық жобаларды әзірлеп жатқанын атап өтті.

– Бұл жобалар аса маңызды, өйткені олар миллиардтаған адамның бизнес жүргізуінің және күнделікті өмірінің «жаңа нормасына» айналады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында Форумның пікірталас платформасының бірегейлігіне тоқталды. Осы ретте аталған жиын әлемнің жаһандық мақсатқа – климаттың өзгеруіне тосқауыл қоюға қол жеткізуіне септігін тигізетін қазіргі үрдістерді, болжамдар мен жоспарларды қарастыру үшін жетекші сарапшыларға жақсы мүмкіндік беретінін жеткізді.

Дереккөз: www.akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар