Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аянбай жұмыс істеуге тиіспіз - АРҚА АЖАРЫ

Аянбай жұмыс істеуге тиіспіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ел экономикасының күшін арттыруға, әлеуметтік бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған нақты міндеттер бағдарламасы деп қабылдаймын.

Өзім өндіріс саласында еңбек етіп келе жатқаннан кейін басты назарды ең алдымен Президенттің елде әрі қарай индистрияландыру жұмысын жалғастыру жайындағы сөздеріне бұрдым. Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру керек деген міндет қойды.
Президент өз баяндамасында айтқанындай, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, индус-
трияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті.
Ал енді орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру керек деп атап көрсетілген Жолдауда.
«Макинск жылуды оқшаулау зауыты» кәсіпорны аудан экономикасының дамуы-на тиісті үлесін қосып келеді. Жұмыс жасап жатқан уақыт ішінде құрылыс саласында тиімді қолданылатын минерал-мақта тақталарды өндіріп, отандық және шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік алдық. Өндірісімізде пайдаланатын жабдықтар заман талабына сай. Сондықтан, біз әрдайым кәсіби қызметкерлерге, сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарға мұқтажбыз.
Осы тұрғыда Президент өз Жолдауында: «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек. Біз «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз» деп, тиісті органдарға міндет жүктеді. Ал, бұл біз үшін болашақта өндірісімізге қажетті мамандық иелерін табуға зор мүмкіндіктер ашады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауын халықтың бірлігі мен ынтымағы жайындағы сөздермен қорытқаны бекер емес деп білемін. Себебі, экономикамыз ілгері дамыған жағдайда да біздің басты күшіміз, берекеміздің өзегі ауызбіршілікте, елдегі келісім мен тұрақтылықта. Сондықтан, Президент ұсынған нақты істер бағытымен ортақ мүдде үшін аянбай жұмыс істеуге тиіспіз.

Ерлан Исенов,
«Макинск жылуды оқшаулау
зауыты» ЖШС-ның директоры.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар