Соңғы жылдары ауданда өнеркәсіп дамып келеді. Өңірде темір рудасы мен уран өндіретін «Өркен Атансор», «Семізбай-U», қорғасын концентратын шығаратын «Жаңалық Гольд» серіктестіктері тәрізді ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.
Биылғы жылы «Көкше-цемент» серіктестігі еліміздегі ең ірі цемент зауытын пайдалануға беруді жоспарлаған. Мұнда мыңға жуық жұмысшы еңбек ететін болады. Кәсіпорында бүгінгі күннің өзінде білікті мамандардың жетіспеушілігі аңғарылады. Сондықтан, білім мен ғылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру біздің өңір үшін маңызды болып отыр. Аудан орталығында «Кәсіптік-техникалық білім барлығына тегін» жобасын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалуда. Оқушыларды жұмысшы мамандығына оқыту үшін Степняк қаласындағы өндірістік оқу комбинатында қажетті материалдық база бар. Жастарды мамандандырылған курстарға жіберу жұмыстарын ірі кәсіпорын басшылары қолға алды.
Ризагүл АЗНАБАЕВА.
Еңбекшілдер ауданы.