Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күні бұрын қамдансаң, қауіптің алдын аласың - АРҚА АЖАРЫ

Күні бұрын қамдансаң, қауіптің алдын аласың

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев келесі жылдың көктемгі су тасқынының алдын алу үшін бүгіннен бастап қарастырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Алдымен ол Ақмола облысының су айдындарында аң мен балық аулаудың күзгі маусымы кезеңінде адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша өткізілетін іс-шаралар жөнінде айтып берді.
–Ақмола облысының аумағында демалу және балық аулау үшін пайдаланылатын 561 су айдыны бар. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында облыс аумағында аң мен балық аулаудың күзгі маусымы басталғаннан бері полиция департаментінің аумақтық полицияларымен бірге 388 рейд өткізілді. Адам өлімінің алдын алу аясында БАҚ-мен бірге біршама жұмыс жүргізілді. Дегенмен, бұл шараға қарамастан, адам өлімінің 5 оқиғасы тіркелді.
Қайғылы оқиға Атбасар, Астрахан аудандарында орын алды. Облыс аумағында аң және балық аулау құралдарын сататын 41 дүкен, аң мен балық аулауды бақылайтын 58 егерлік ұйым бар. Олар балық аулаудың күздегі кезеңіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыруға ат салысады. Бүгінгі күні қауіпсіздік шаралары ұялы телефондағы воцапт пен смс арқылы да ескертілетін болды,–деген полковник қайықпен жүзгендегі қауіпсіздік шараларын және биылғы жылдың көктемінде облыстың Целиноград пен Аршалы тәрізді кейбір өңірлерінде су тасқынының қиын жағдайы қалыптасқанын айтты.
–Бұл аудандарда өзен суы көтеріліп, тұрғын үйлерді су алу қаупі туындады. Мәселен, Целиноград, Аршалы, Атбасар аудандары аумағындағы 29 тұрғын үйді су алды. Ақмола облысы аумағындағы 17 өңірдің 125 елді мекені су тасқыны қаупі бар жерде орналасқан. Мұндағы 4063 тұрғын үйде 13 мың адам тұрады. Сондай-ақ, 74 автокөлік жолының, 4 темір жолының учаскесі орналасқан. Облыс әкімі су тасқынының қаупі бар елді мекендерді инженерлік қорғау бойынша шаралар жоспарын бекіткен болатын. Бүгінгі таңда жоспарлаған 53 елді мекендегі шараның 38-і орындалды. Мәселен, Көкшетау қаласы мен Жарқайың, Целиноград, Атбасар, Сандықтау, Бурабай, Астрахан, Есіл аудандарында су ағатын каналдар тереңдетілді, арнасы кеңейтілді. Облыс бойынша 7,8 шақырым су бөгеті жөнделді. Бұл бағытта «Қазводхоз» мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалы да Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі нысандарда ауқымды жұмыс жүргізді. Облыс өңірлерінде биылғы жылы 40 мотопомпа, 95 су сорғыш жабдығы сатып алынды. Облыста 2021-2023 жылдары су тасқыны шараларының Жол картасы жүзеге асырылуда. Барлық 9 шара бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Қыс айларында Астана, Сілеті, Шағалалы тәрізді гидротехникалық нысандарды пайдалануға дайындау шарасы жүргізілуде,–деген департамент бастығының орынбасары журналистер сауалына жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар