«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы – білім жүйесінде

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру және педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы да ескерілуде.

Осыған байланысты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облысымыздағы ауыл мектебі педагогтарының кәсіби білімін дамыту үшін «Ресурстық орталық: ШЖМ білім беру сапасын жетілдірудің өзекті сұрақтары» зерттеу жобасы аясында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.
Бұл бағытта «ШЖМ ресурстық орталықтарының оқушылары үшін жеке білім беру маршруттарын жасау» тақырыбында дөңгелек үстел, «ШЖМ кіріктірілген сыныптарында оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант, «Шағын жинақталған мектеп педагогы: кәсіби даму және мәртебесін көтеру» тақырыбында облыстық семинар, «Педагог тәжірибесін жалпылау және таныстырылымын дайындауға жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар-практикум, «Педагогтардың алдыңғы педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мен жалпылау» бойынша оқу семинарлары, «Мектепке дейінгі ұйымдарда қазіргі білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі» шеберлік сыныптары, «Педагогтарды ұлттық кешенді тестілеуге дайындаудың тиімді әдістері» шеберлік сыныптары ұйымдастырылуда.
Институттың жоғарыда айтылған бағыттағы қызметі мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім беру жүйесі педагогтарының біліктілігін жетілдіру және кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау, ғылыми-зерттеу және баспа қызметі болып табылады.
Біліктілікті арттыру жүйесін мектептермен байланыстыру мақсатында мектеп ішінде ШЖМ критериалды бағалау, оқыту әдістемесі мен технологияларды зерттеу, кіріктірілген сыныптарда пән тапсырмаларын дайындау ерекшеліктері бойынша мұғалімдер институт тренерлерімен онлайн тәртібінде әдістемелік қолдау мен көмек алуға мүмкіндіктері бар. Шағын жинақталған мектеп педагогтары үшін институт сайтында https://akmol-orleu.kz/ осы сілтеме бойынша қажетті ресурстар мен материалдар алуға болады.

Баян СҮЙІНДІКОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының аға оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар