Өзін-өзі тану пәні – маңызды пән

Бүгінгі күні болашақ ұрпаққа қажетті білім мен дұрыс бағдар беру – ұстаздар қауымы үшін аса маңызды жауапкершілік. Оқушылардың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін көптеген факторлар бар.

Соның ішінде оқушылардың жан дүниесіне үңілуге, дұрыс жолын табуға, айналасына құрметпен, мейіріммен қарауға, дұрыс әрекет жасауға бірден-бір септігін тигізетін пән «Өзін-өзі тану» пәні.
Себебі, бұл пәннің шын мәнінде берері өте мол. Адамның тұлға болып қалыптасуында сыртқы ықпалдан гөрі, ішкі ықпалдың маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың өз «менін» табуына көмектесіп, осы пәнді беретін ұстаздың міндеті. Бұл пәннің 1-11 сыныптарға дейін оқытылатыны мені қатты қуантады.
Бала – тазалықтың, аңғалдықтың, шынайылықтың қайнар көзі. Осы бір тазалыққа дақ түсірмей, керісінше, одан сайын таза бола түсуге деген ұмтылысты арттыра түсу, оқушылардың өмірге деген көзқарасын жақсы жаққа өзгерту, кез-келген проблеманы өздігінен шеше алатын, жан-жақты жетілген саналы ұрпақ тәрбиелеуде әрбір ұстаздың рөлі өте зор. Осы бір ұстаз деген тамаша атқа лайық бола білудің өзі бақыт деп білемін. Сондықтан, қай пән ұстазы болсын, оқушыларды құндылық ретінде бағалап, олардың өмірге деген құлшынысын, өздеріне деген сенімділігін орнату біздің басты мақсатымыз болуы керек деп санаймын. «Өзін-өзі тану» пәні міне, осы тұрғыдан алғанда екі жаққа – ұстазға да, шәкіртке де тәуелсіз елдің саналы азаматын тәрбиелеудің, соған ұмтылудың қосымша бір мүмкіндігі. Біз, ұстаздар сол мүмкіндікті тек тиімді пайдалана білуіміз керек.
Гүлнұр ТЕМІРБАЙ,
Қоянды №1 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар