Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана мейірімі - АРҚА АЖАРЫ

Ана мейірімі

Тағдырдың тәлкегімен жарық дүние есігін ашқалы маңдайынан ананың аялы алақаны сипап көрмеген, бүлдіршіндер де бар.

Сол ана жүрегінің жылуын сезінбеген сәбилерге ана болып, пана болып, періштедей желеп-жебеген жанды көрсеңіз көкірегіңізді қуаныш лебі кернейтіні бар. Мынау жарық дүниедегі ең күшті құдірет – ана мейірімі.
Бір перзентке зар болғалы қашан. Үйдің іші құрқылтайдың ұясындай жып-жылы, әр зат орнында тәптіштеліп жиналған. Көлденең жатқан бір тал бөгде зат жоқ. Мұражайдың ішіндегідей жайнап тұр. Босағадан төрге дейін кіршіксіз, тап-таза болса да әлдене жетіспейтін тәрізді. Кешкілік жұмыстан келген соң көңілінің құлазып салатыны бар. Құтты бір бос кеңістікте жүрген тәрізді ме қалай? Өмір жайлы ойлап көрсе, бар мақсат-мұраттың да байланар кіндігі сол екен ғой. Жаратқан ием-ау бар несібені босағама байлағаныңда бір шикі өкпені қимағаның қалай? Сарғайып таң атқанда сәбиге деген сағыныш көз жасы болып шыланып төгіліп, жастығы шылқып тұратын. Аңсағаны да, ет жүрегі езіліп сағынғаны да, тылсым бір күштен талмай тілегені де сәби еді.
2017 жылы ақ түйенің қарны жарылды. Тығырықтан шығар жолды өзі тапты. Табиғат бұйыртпаса амал не, бір қолыңды екі ете алмайсың ғой. Қарап отырғанша тырбанып тіршілік ету керек. Ана болып бала тәрбиелемесе, ұрпақ өсірмесе, бойындағы бар мейірім шапағатын төгіп, таңның мөлдір шығындай тап-таза махаббатымен әлдилемесе бәрі бекер емес пе?! Жолдасы Виталий Якусевичпен ақылдасқан. Ішкі істер саласында қызмет ететін жан жолдасы айтылған ұсынысты құптап, бірден құлап түсті. Бәлкім ол да осы уақытқа дейін жанын жегідей жеген уайыммен алысқан шығар. Ол да жарының қабағына кірбің түсірмеу үшін, жанын жараламау үшін тіс жарып айта алмаған болар. Шаңырақтың шаттығын келтіру үшін, тағдыр тәлкегіне ұшыраған бірер баланы бауырларына басып тәрбиелеп, жетілдіргендері адамгершілік емес пе?! Артында қалатын белгі де, ұрпақ та сол балалар болмақ. Екеуінің бойындағы бар қасиетті толайым қотарып алса, келер күндердің көкжиегіне жеткізетін жеткіншектер де солар болары айдан анық.
Іле ойға алғанды оңынан оралту мәселесіне көшкен. Бұрын кім білген, машақаты көп шаруа екен ғой. Алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйінен өздерінің көңілдері құлаған сәбилерін таңдап алулары керек. Онымен де іс біте қоймайды. Тиісті орындар бұлардың жай-күйін, табысын, үй орманын таразы басынан өткізеді. Күні ертең онсыз да жандары жаралы, көңілдері қаралы жас балалар жүдеп қалмай ма? Жауапкершілік жүгі мың батпан. Қанша жерден жүрегің езіліп тұрса да, мақсатың айқын, мұратың белгілі болса да, ұядағы балапандарды қанаттандыру үшін қарымың қаптал жетуі керек.
–Әрине, ол да дұрыс қой, – дейді балалардың анасы Юлия Валерьевна, –неше қилы адам болады. Тағдыр тәлкегін бір рет көріп, ащы дәмін татқан балалар ендігі арада қиындық көрмеуге тиісті. Табанымыздан таусылып жүрсек те алған бетімізден қайтқан жоқпыз. Өйткені, бізді балаларға деген махаббат қолтығымыздан демеп, қолымыздан жетектеп алға сүйреді.
Ақыры үйелмелі-сүйелмелі төрт бала болашақ ыстық ұя, ата қоныстың табалдырығынан аттады. Сол күні ерлі-зайыпты Юлия мен Виталийдің қуанышында шек жоқ еді. Бұлардың талай таңды ұйқысыз атырып, талай күнді күлкісіз өткергенін сезгендей өз тағдырлары бір рет жомарттық танытты. Көктен тілегені қолдарына оралғандай, мүмкін еместей болған сыйлық ақ жолдарынан жолыққандай. Бұдан артық қандай қуаныш, қандай бақыт болсын? Тамаша емес пе?! Әншейінде қаңырап бос тұрғандай болып көрінетін үй ішіндегі шаттық кенересінен асып төгілгендей. Төрт бұрыш түгел шалқыған думанға толды да қалды. Балалардың күміс күлкісі бос тұрған үйдің еденіне бір уыс ақ күмісті шашып жібергендей сыңғырлай жөнелгені. Сәл қатыңқы жүретін қабақтар жадырады, мұң басқан жүздерінен мейірім төгілді.
Үнемі ат үстінде жүретін Виталий Тодеушевич үйден ұзап шықпауға айналды. Айналып-үйіріліп балапандарының жанынан табылады. Қамырдан қыл суырғандай ептілікпен балаларға әлденені түсіндіріп айтады. Үй шаруасындағы кейбір ұсақ-түйектің ыңғайын үйретеді. Ермек табылған сыңайлы. Жоқ, бұл ермек емес еді. Сан жылдар бойы перзент аңсаған парасатты көңілдің көкірегіндегі сезімдердің аптыққан асығыс бір сәті. Сөз ләмі бұйрық емес базына іспетті. Әкелік қамқор көңілдің ізетті өрімі. Балалар да жақсы әкені жатырқаған жоқ. Бірер күннен соң ғұмыр бойы қызылды-жасылды дүниенің қызығын бірге кешіп келе жатқандай бауыр басып кетті.
Ертеректе жағдайларын жақсы түсінетін көршілері, Қаражар ауылының тұрғындары бұларды іштей аяғанымен жараның аузын тырнап ләм-мим дей қоймайтын. Әп-сәтте шаттық шаңырақтың түндігін кернеп, береке босағаға байланған тұста балаларыңның бауы берік болсын деп келетіндер көбейе бастады. Трус пен Исаевтар отбасылары, бұрыннан тілектес Ивановтар да Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектептің әлеуметтік педагогтары да қол ұшын созды.
–Біз балаларды Қаражар ауылынан Рождественский селосына тасымалдап оқытамыз. Мектептің көлігі өзі тасиды, – дейді Юлия Валерьевна, – ал, балалар бақшасына баратындарды өзіміз жеткіземіз. Еш қиындығы жоқ. Бір қызығы кейін балалардың ата-аналарының құжаты табылғанда, олардың анасы да, әкесі де бізбен аттас болып шықты, жақсы ырымға санадық.
Алдында бір отбасының үш баласы ғана еді, ал төртінші, туған ағалар Леонид әжелерінің қолында болса керек. Тәртіп бойынша ағайынды балаларды бір-бірімен ажыратуға болмайды. Оның үстіне Леонид те:
–Мені неге бөлектейсіздер? – деп сұраған екен.
Жеті жасар Леонидтің жалғыз ауыз сөзі жүректерін уылжытып жіберген.
–Айналайын, – депті болашақ анасы Юлия Валерьевна, – біз білмедік қой, айырмаймыз. Ешқашан, ешқайсыңнан айрылмаймыз. Жүрек тебірентер, мейірімге толы ана сөзін тыңдай отырып біз де іштей тағдыр сіздерді бір-біріңнен ешқашан айырмаса екен деп тіледік.
Құтты шаңырақты қоныстанғанда Леонид 7, Виктория 5, Виталий 2,5, Валерий 1,5 жаста екен. Қазір ата-ананың махаббатына бөленіп, мейірім шуағын сезініп, өсіп келеді. Балалар да, ата-ана да бақыт құшағында. Сол құшақтар ажырамай, күн кешкенге не жетсін шіркін?!

Байқал БАЙӘДІЛОВ,
журналист.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар