Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Газдың бағасы өсіп, өзі де тапшы болып кетті - АРҚА АЖАРЫ

Газдың бағасы өсіп, өзі де тапшы болып кетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Серік Құдабай, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Юрий Шидловский мен облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының газбен жабдықтау бөлімінің жетекшісі Жасқайрат Садықов қаланы газбен жабдықтау мәселесін алға тартты.

– Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында 238 топтық резервуарлық қондырғылар бар. Бұл қондырғыларға 35 мың 475 адам тұратын 646 көп пәтерлі тұрғын үй қосылған. Алайда, оның ішінде 18 мың 953 адам тұратын 285 көп пәтерлі тұрғын үй қосылған 112 топтық резервуарлық қондырғылар ғана жұмыс істейді. Қазіргі кезде, газды 14 мың 695 тұтынушы пайдаланады. Қала бойынша орталықтандырылған газбен жабдықтауды тұтынушылардың 41,4 пайызы пайдаланады және олардың пәтерлерінде тиісті жабдықтар орнатылған.
Тұрақты газбен жабдықтауға байланысты негізгі қиындықтар тұтынушыларда күзгі және қысқы кезеңде туындайды. Сығылған газдың бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі себебінен, тұрғындарды газбен жабдықтау мәселесі ұзаққа созылады. Қалаға пропан-бутан қоспасы жеткізіледі. Пропан мөлшері 70 пайыздан төмен және оның ылғалдылығы жоғары. Бұл қатты аяз кезінде газ құбырының қатып қалуына әкеліп соғады, – деді қала әкімінің орынбасары Серік Құдабай.
Сонымен қатар, орталықтандырылған газбен жабдықтау қалпына келтірілген үйлер бо-йынша тұтынушыларды газбен толық қамтуға жөндеу жұмыстары кезінде пәтерлердегі газ құбырларын өз еркімен бөлшектеу фактісі әсер етеді. Орталықтандырылған газбен жабдықтаудан бас тарту жағдайы да орын алуда. Яғни, көп қабатты үйлердің тұтынушылары балонға құйылған газды пайдалануда.
– Қазір республика бойынша газ тапшылығы байқалуда. Себебі, облысқа бөлінген газ биржа арқылы сатылады. Биржада баға мемлекет тарапынан реттелмейді. Егер бұрын Ақмола облысы үшін 1 килограмм газдың бағасы 70-80 теңге болса, қазір биржада ол 100 теңгеден асады, газды жеткізушілер өз бетінше сатып алады. Осыған байланысты, газ желісі ұйымдары проблемаға тап болды, –деді облыстық энергетика басқармасының газбен жабдықтау бөлімінің жетекшісі Жасқайрат Садықов.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласында әлеуметтік газды жеткізу бойынша «Шэрол 2017», «КөкшетауТрансГаз» және Энергетика министрлігінде өкілеттігі бар «Көкшетау облгаз» компаниясы, үш ұйым жұмыс істейді. «ГазҚызмет» серіктестігінің өкілеттігі жоқ. Сондықтан, олар өкілеттігі бар жеткізушілерден газ сатып алады. Энергетика министрлігі пандемияға байланысты электронды сауда алаңын құрды. Барлық өңделген газ осы сауда орнында шығарылады. Қала әкімдігі энергетика басқармасымен тікелей жұмыс істейді және қызмет көрсететін компанияға газдың жеткізілуін қадағалайды. Бүгінгі таңда қалаға газ жеткізілген және олар топтық резервуарлық қондырғыларды толтыруда. Газбен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауға алынды. Егер газдандыру жұмысы ұзаққа созылып, жауапты ұйымдар өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жақын арада үлкен жиын өткізіледі және онда газбен жабдықтау ұйымдарының барлық өкілдері қатысып, туындаған киындықтардың алдын алу жолдарын қарастыратын болады.
Қорыта келгенде, газбен жабдықтау жүріп жатқандығына қарамастан, жұмысты әлі де болса ширату керек екендігі анық. Алдағы уақытта бұл көкейкесті мәселе шешімін табады деп сенеміз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар