Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі күннің батыры деуге боларлық! - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі күннің батыры деуге боларлық!

Ағымдағы жылғы 12 қазанда сағат 19.05-те Көкшетау қаласындағы Көктем шағын ауданының 5 «а» мекенжайындағы көп қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.

Ақмола облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкері Жарқын Қуандықұлы Шаяхимов осы сәтте үйіне қайтып келе жатқан. Үйге кірген бетте сырт киімін шешіп үлгермей, қатты жарылыс, тарсылдың дауысын естіген. Қызы Әсем әкесіне газ жарылғандығы жөнінде айқай сап, «101» нөміріне қоңырау шалған.
Жарқын Қуандықұлы бірден бірінші кезекте әйелдер мен балаларды эвакуациялауды ұйымдастырды. Кейін жанып жатқан пәтерге жүгіріп кіріп, өздігінен өртті сөндіруге кірісті, онда ас үйдегі ас үй жиһазы, терезелердегі перделер ашық жалынмен жанып жатқан, ол бірден көршілер тасыған, өзі әкелген судың көмегімен, өртті сөндіре бастады. Содан кейін төменгі шкафты ашып, ондағы газ баллонды редукторынан ағытып көршілер арқылы қауіпсіз қашықтыққа шығарған. Жану көзі орталықтан келетін газ екендігі анықталған сәтте өртті сөндіру мүмкін еместігін түсініп, подъезге шығып, Жанат есімді көші-қон қызметінде жұмыс істейтін көршісін иығына отырғызып, подъездегі газ кранын сөндірді.

Пәтерге қайта кіріп, өртпен күресті жалғастырдым, жоғары тұрған шкафты ашып, пәтер ішіндегі көтергіштегі газ шүмегін жауып тастадым. Газды жапқаннан кейін, тағы бірнеше рет су құйдым, нәтижесінде өртті толығымен сөндіруге мүмкіндік туды. Болған жайды басшылыққа баяндап бердім. Газ тек 5 күннен кейін берілгендіктен, басқа пәтерлерде газ жиналып, бүкіл үйдің жарылыс қаупін тудырады ма деп уайымдадым, – дейді Жарқын.

Жарқын Қуандықұлы осы салада 2000 жылдың 3 сәуірінен бастап қызмет атқарады. Жұмыс қызметін прокуратурада бастаған, 2005 жылдың күзінен бастап азаматтық қорғау органдарында, 2020 жылдың 30 сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші лауазымында қызметін жалғастырып келеді. Үйленген, 4 қыз тәрбиелеп отыр. Кәсіби тұрғыдан сауатты, әріптестері арасында зор беделге ие. Бос уақытында спортпен шұғылданады.
Сондай-ақ, Жарқын Қуандықұлы 17 жыл уақыттан бері мұқтаж адамдарға көмектесетін құрметті донор болып табылатынын атап өткіміз келеді.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар