Өткенге ой жүгіртіп, келешекке сеніммен қарайық

Әлі де, күні бүгінгідей, жаралы жылдардың жаңғырығы есімде! 1985 жылы қыркүйек айының басында егін орағы басталар-басталмас шақ болатын. Біздің Целиноград облысына Кеңес Одағы Орталық партия комитетінің (КПСС) бас хатшысы Михаил Горбачев келді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев пен Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан күні бұрын келіп, М.С.Горбачевті Целиноградтың аэропортында қарсы алды. Олар өзара қол алысып, қол берісіп амандасып жатқанда аңғарғаным, Горбачев сол арада Димекеңмен селсоқ сәлемдесіп, салқын жүзді, ернін сәл-пәл жыбыр еткізіп, елдің хал-ахуалы жөнінде ештеңе сұрамастан, оқтау жұтқандай кекжиіп, күтіп тұрған машинаға бет алып, әйелі Раиса Максимовнаны қолтықтап, өз нөкерлерімен қаладағы резиденцияға жүріп кетті.

Бас хатшыны қарсы алған Д.А.Қонаев пен Н.Ә.Назарбаев және Кеңес Одағы (СССР) Министрлер Кеңесінің бірінші орынбасарлары Зия Нұриев пен Иван Васильевич Архипов қала сыртындағы резиденцияға келіп жайғасты. Бұл мәртебелі жандардың қасында жүру жағы маған тапсырылған болатын. Шама-шарқымша қас-қабақтарына қарап жүрмін. Сондағы бір аңдағаным Димаш Ахметұлы дастарқан басында көңілсіздеу отырды.
Мына сүймен жұтқан, ұр да жықтардың қылықтарынан, ертеде басынан өткерген қоқайларының «енесі тепкен құлынның еті ауыр-
мас» сияқты көрінгендей, әңгіме арасында, қиын, қиянкескі, қан төгіс, сұрапыл, алапат 1943 жылды есіне алды.
–Қазақ КСР халық комиссарлары төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген кезім еді,– деді Димаш Ахметұлы. –Майданға керекті азық-түлік түрлерін жеткілікті түрде кібіртіктеп, уақытында жөнелетпедіңдер деген зіркіл жеделхат пен ВКП (б) саяси бюросының отырысына шақырды.
Ел тұрмысының күннен-күнге күрт нашарлап, жұрттың қоңылтақтанып «шықпа жаным шықпа» деп, жүріп жатқаншағы. Жасыратыны жоқ, ұйқым қашып, қалтырай жеттім…
Түннің бір уақытында, айтқан бюросында менің мәселем қаралды. Маған біраз жағымсыз сөздер айтылды. Сталин мәжіліс залында әрлі-берлі жүріп, трубкасынан баяу түтін шығарып, баппен өткір ой тастап, сөзінің соңында маған сөгіс жариялады. Өмірімде алған бірінші ауыр сөгіс.
Басым салбырып, бюродан шығып, коридорда келе жатыр едім, қарсы алдымнан А.И.Микоян кезіге кетіп:–Неге қабағыңа қар жауып, түнеріп келесің? – деді. Болған жайды айттым. А.И.Микоян арқамнан қағып, қарқылдай күліп, жұбата:
–Ештеңе етпейді, жассың, денің сау болса, әлі талай сөгіс аласың» – деп Микоян көңілімді аулады деп Димекең жымиды…
Кейін Димаш Ахметұлы, «от Сталина до Горбачева» – деген кітәп жазды. Оның алдындағы «Өтті өмір осылай» атты естелігін оқығаным бар еді. Мына жазып отырғандарым, ол еңбегінде бар, жоғы есімде қалмапты. Есесіне мен туралы жақсы лебіз білдіргенін ұмытпаппын. Бұны немен, қалай түсіндіруге болар екен? Осылай түрлі жүйелі әңгіме шертіп отырғанда, Димекең «осы қызметімді 75 жасқа толған соң доғаратын шығармын» деп қалды.
Сол бір сәтте, орта бойлы, қара торы келген, толық, әрі шымыр денелі, сөзге ашық Зия Нұриұлы, жақсыда жаттық жоқ қой, Димекеңе тік қарап: –Еңсеңді көтер! Горбачев қорыққанын сыйлайтын адам! Біле білсең, ол әлі «пацан». Өмірді шала-шарпы біледі. Ауыл шаруашылығы экономикасына тереңдей бойлай алмайды. Білімі таяз, тоқығаны шамалы адам. Бас оған қамшыны, бетіне батыра айтсаң, қаймығып, сенен ығып тайғақсиды. Сен әлі біздерге керексің! «Қаралардың» лидері екендігіңді естен шығарма! Тұқырт, бас оның қуыс кеудесін! – деді.
Зия Нұриұлы еш қымсынып-қымтырылмай, сол ұлттың өкілі Иван Васильевич Архипов қасында отырғанына да қарамастан, ойындағысын айтып салды. Осы әңгімені естіп отырған Архиповта үн жоқ. Ол болса анда-санда алдындағы шайын ұрттап қойып, бірдеңе оқыған болып, өзімен-өзі отыр.
Сол сәтте, Зия Нұриұлының осы батыл сөзіне ішім жылып сала берді. Димекеңді қайрап, жігерлендіргеніне қатты қуанып, соншалықты риза болмаспын ба?! Үлкен, абыройлы азаматтың Димекеңді жігерлендіре айтқан сөзінен кейін, Димекең сәл де болса көтеріңкі күйге түсті. Зия Нұриұлы – өзіміздің бауырымыз башқұрт халқының перзенті еді. «Біздердің тегімізде сендердің көптеген руларыңның аттары сақталған. Мен өзім қыпшақ руынанмын. Салауат Юлаев та қыпшақ», – деп қалды.
–Тіліміз де сендерге етене жақын! Бір өкініштісі, Татарстан беткейіндегі бауырларымның көбі татар тіліне бейімірек болып барады, – деп өз қынжылысын да білдірді. Зия Нұриұлының қасында аз уақыт болсам да аңғарғаным, ешкімге есесін жібермейтін намысшылдығы көзге ұрып тұрды.
Ертеңінде, Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына баратын жолға шықтық. Алдыңғы машиналарда – М.С.Горбачев. Біздер төртінші қатарда жүріп келеміз. Әлден уақытта біздерді бір «Чайка» машинасы басып озып еді, Зия Нұриұлы: – «Мына машинадағылар бізді неге басынады, аналардың алдына қайта шық!» – деп жүргізушімізге зілмен үн қатты.
Сол шұбырған бойы, ғылыми-зерттеу институтының егінді алқабының бір шетіне келіп тоқтадық. Қарасақ, алдымызда қаздай тізіліп тұрған комбайндар. Олардың іргесінде, біркелкі жаңа күлгін түсті матадан тігілген, мамандықтарына лайықты киімдерімен, тойға жиналғандай болып механизаторлар тұр.
Бас хатшы М.С.Горбачевтің сол механизаторларда шаруасы болған жоқ. Ол бірден ешкімнің түсіне де кірмейтін, «К-700» тракторына орнатылған тіркемелі 25 метрлік, егінді орып дестеге салатын жатканың қасына нөкерлерімен бұрылып келді. Кеңес Одағының Ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету министрі А.А.Ежевский жас шамасы жетпісті алқымдап қалса да, Горбачевтің алдында жас баладай құрдай жорғалап жүр. Алдындағы 25 метрлік жатканы жер көкке сыйғызбай әсірелей мақтап, «басқа жаткалардан екі жарым есе өнімді, әрі астықтың өзіндік құнын еселеп арзандатады» деген есеп-қисабын жаудыра келтіріп, жағы талмай бөсті.
Министрдің айтқандарын Горбачев ризашылықпен тамсана тыңдап, басын шұлғып тұрды. Екеуінің де ауыл шаруашылығы жүйесінен хабары шамалы екендігін білсе де, жиналғандарда үн жоқ. Ең болмаса, үйіріліп тұрған механизаторларға жақындап, осынау 25 метрлік жатка жөнінде не ойлары барын да сұрап, пікірлеспеді, шіркіндер! Жиырма бес метрлік осы жатканың ауырлығы соншалықты, оны тіркеген К-700 тракторы түтіндете орнынан ышқына әрең ырғала қозғалатынын, сағат сайын әр нәрсеге, темір-терсекке ұрынып, шалғыларының сегменттері сына беретіндігінен, жұмысы өнбейтінінде шаруалары да болған жоқ. Комсомол жетекшілігінен өскен Горбачевтің бос сөзге үйірлігі білініп, көзге ұрып тұрды…
…Бұдан бұрын, төзімді әрі қолайлы, егінді де тез шауып дестелеп қана қоймай, шөбімізді де жинап алуға ыңғайлы, жеріміздің бедеріне икемді, ұстарадай қыратын азбас-тозбас он метрлік «ЖВН-10» деген жатка өндірістен алынып тасталған еді. Бұған механизаторлар қынжылыс білдіріп жүрді. Бұл он метрлік жатканы шығармай қоюларының басты себебі, оған металл көп жұмсалады екен. Алайда, оның өзіндік өнімділігі көпке шыдайтындығы есепке алынбады.
1969 жылы облысымыздың бүкіл кеңшарлары егіндерін уақытында жинап ала алмай, бір миллион гектар алқабы қардың астында қалған болатын. Сол күзде жалғыз біздің «Шалқар» кеңшары ғана, осы «ЖВН-10» жаткасымен және қазақ жігіттерінің еңбекқорлығының арқасында егінімізді жауын-шашынға ұрындырмай дер кезінде ысырапсыз, тап-тұйнақтай етіп жинап алып едік… Қиялға ұрынған Горбачев пен Ежевский сияқтылар Сталиннің заманында осылай істесе, оларға сол кезде не жаза қолданылар еді деген ойға да шомады екенсің…
Мұны айтасыз, Михаил Горбачев Целиноградқа келер алдында, Орталықтың Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің (КГБ) тоғызыншы бөлімінің қызметкерлері алдын ала Бас хатшының тоқтап, бір күн ғана жатып дем алатын жеріне дейін жіті қарап шықты. Целиноград қаласындағы резиденцияның жиһаздары жаңа болғанына да қарамастан, оларды судай жаңасына қайта ауыстырыңдар деді. Амал нешік, резиденцияға қымбат және қалың түкті кілемдер кіргізіліп, телевизор, тоңазытқыштарды, тіпті терезенің пердесіне дейін қайта жаңарттық… Қайдам, сол сәтте түбі оңбайтындығымызды алғаш сезіндім.
Өмірінде, жүрген ортасына пайдасы тимеген кісіні, қалай адам қатарына жатқызуға болар екен. Осындайда Абай хакімнің: – «Биік мансап – биік жартас: екпіндеп ұшып қыран да шығады, ерінбей еңбектеп жылан да шығады» дегеніне саяды.
…Зия Нұриұлының ойын қуалап, әңгімемнің бастапқы желісінен ауытқып кеткендеймін. Соған қайта оралайын. Үлкендердің дастарқан басындағы сол отырыстарында Димекең ара-арасында үнсіз, ойға шома берді.
Әлдебір уақытта, Дінмұхамед Ахметұлы сөз қозғап, қарсы беттен суық, ызғарлы желдің өзіне қай тұстан және кімнен есіп тұрғанын сезінгендей, М.С.Соломенцев жөнінде әңгіме қозғады. – Істеген жақсылықтарымды ақтамады!–деді Димаш Ахметұлы. – Өркөкірек, пайымсыз, санасыз адам болып шықты. СОКП Орталық комитетінің жанындағы «Партиялық бақылау комитетін» басқара жүріп, қазір біздің елдің мән-жайының білгіш-маманы атанып кеткендей… Менің айналамдағы кадрларға бүйідей тиісіп, өзім тәрбиелеген Соломенцевім, енді келіп оғаш мінез көрсетіп, балағыма жармасуда. Не дейін? Мұндай тексіз болар ма?..
Сәл-пәл ойға берілген Димекең әңгімесін одан әрі жалғастыра берді.
–Сол Соломенцев қарамағымда, Қазақстанның орталық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінде жүрген кезі. Бірде екі-үш күндей жұмысқа шықпады. Күндегі әдетім бойынша жиналып қалған қағаздарды қарап, ой елегінен өткізіп отырған болатынмын. Есігімді қағар-қақпастан Соломенцев кіріп келді. Қарасам, бет-ауызы күп болып іскен, адам шошитындай, танымастай көгерген. Көзі сығырайып қана көрінеді. Кабинетіме кірген бойда, тізерлей отыра кетіп, ботадай боздап, еңкілдеп жылап, кешірім сұрап, зар иледі.
Орнынан тұрғызып орындыққа отырғыздым, – деді Димекең одан әрі. Айтуынша, өзін емдеп жүрген дәрігер әйелдің медбикесінің үйінде түнеп жатқанда, жұбайы үстерінен шығып, екеуін де көк ала қойдай қылып сойып, тепкінің астына алған екен. Расында да бет-аузына қарасаң, адам шошитындай. Аяп кеттім. «Екі адам білгенді, ертең бүкіл ел біледі» – деген қағида бар. Соломенцевтің осынау қылығы бүкіл Қазақстанға жайылады. Абыройсыз жүріп, қалай қызмет атқармақшы? Кім көрінген бетіне баспай ма? Қой, бұл найсапқа қол ұшымды бермесем, болмас деген ойға келіп, Л.И. Брежневке телефон шалып, өзінің көзінше, барлық жағдайды айтып, оны бір жерге қызметке ауыстыруын сұрап, өтініш білдірдім.
Әңгіме барысында Л.И.Брежнев: – «бір әйелдің көңілін дұрыс таба алмайтыны бар, сары ауыз неме, неге соқтығады? Қалай ел басқарып жүрген?» – деді.
Мен сол арада «Соломенцевтің өзі қазір кабинетімде отыр. Бұл азаматтың бұрын өндірісі үлкен Қарағанды облысының бірінші хатшысы қызметінде болғанын білесіз. Міндетін ойдағыдай тәуір атқарып жүрген соң, өзіме екенші хатшылыққа алған едім. Өзі іскер, елуден жаңа асқан кемелденген коммунист. Мына бір келеңсіз қылығынан кейін, бізде оған қызмет атқару қиынға түсетін түрі бар. Қайткенде де бір қисынын тауып, әрекет жасағаныңыз дұрыс болар еді», – дедім.
Біраз үнсіз қалған Л.И.Брежнев көңілімді қимады ма, әлден уақытта «жарайды ыңғайына қарай көрейін» дегендей ықылас білдірді. Арада 3-4 жұма өтпей, Л.И.Брежнев Соломенцевті Ростов облысының бірінші хатшысы қызметіне тағайындап жіберіп еді. Енді міне, «жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпастың» керін келтіріп, маған қарсы оғаш мінез көрсетіп жүр» деп «жауды аяған жарлы» халге түскендей кейіп білдірді.
Тұнығы мен тұңғиығы теңіздей Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атына кір келтіргісі келіп, жүрген осынау, қара ниетті сұмпайыға не айтуға болар екен? Димекеңнің еліне, туған халқына атқарған ұшан-теңіз еңбектерін еш қылуға тырысып жатқандарына іштей күрсіне мұңайдым. Соломенцевке көсеміміздің кешіріммен қарап, қазақи адамгершілік – кең қолтық танытқанына, сол жерде әттеген-айладым.
Димаш Ахметұлының байсалды, мейірімді күлімсіреген келбетінен қашанда нұр шашылатын. Ізгілік пен жақсылықтың, зияттылықтың қоймасы аңғарылатын, осынау қазақтың ұлы перзентінің туғанына келер жылдың 12-ші қаңтарында 110 жыл толады. 1987 жылы, Мәскеуде А.М.Прохоровтың жетекшілігімен, 2 миллион 500 мың дана боп шыққан – «Советский энциклопедический словарьда» қазақ халқын қынадай қырған Ф.Голощекин, Л.Мирзояндар әспеттеле жазылады да, Совет халқының көсемдерінің бірі, көп жылдар ЦК КПСС-тың саяси бюро мүшесі, үш дүркін Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаев аталмайды. Бұл тексіздерге не айтуға болар екен? Дегенмен, ғұмыр бойы, ары мен санасын таза ұстанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ұлтымен бірге мәңгі жасап, біздерге, ұрпағымызға үлгі-эталон болып қала берері сөзсіз. Жасаған ием, нұрын пейіште шалқытып, жатқан жерін жарық қылғай!
…Өткенге ой жүргіртіп, түртіншектене бере айтпағым, Ресей басшыларының қай уақытта болмасын, шизонарциссизмге ұрынып, ұялмай, өздерін «Ұлы халықпыз», – деп жер көкке бос жарнамалауында жатқандығы, көз алдыма елестей береді. Ертеден бұлардың жүріп өткен жерлеріне шөп шыққан емес. Қайда болып, қайда жүрсе де әлімжеттік, ноқай, топас, дүлейлік танытты. Әлі де сол қалпы. Мына XXI ғасырда: «Теңдесі жоқ, қанымызда бір хромосомамыз артық халықпыз», «Орыс әлемі», «Орыс тілі қорғалады», «қазақтарда әсте мемлекет болмаған» – деген сияқты сандырақ тезистерінен, «Русизм» ауруына шалдығып, неоколониализмнің, шовинизмнің иісін аңқытады. Мемлекет басында отырғандардың өздерінің біздің өзгелерден өркениетіміз ерекше, әрі қанымызда бір хромосом артық – деп бөсуі соның айғағы. Осылардың бір себептен айтқандары дұрыс та шығар.
Пайымдауымша (гипотезім), бұлар тойымсыз арақ іше беретіндіктерінен, жер бетінен мүлдем жойылып, азып кетпеуі үшін, бұл халықтың физиологиясы амалсыз өзгеріске ұшырап, бір пар хромосомасының басқа халықтардан артық болуы бек мүмкін ғой. Орыстардың әр қайсысы шартты есеппен жылына 14 литр спирт ішетін көрінеді. Ал, шартты 8 литр спирттен артық ішсе, азып, деградацияға ұшырайтындығы ғылыми, дәлелденген ақиқат. Оның үстіне арақ ішкіштігі мың жылдан асады. Салыстырмалы түрде айта кетсем, мысалы, – біздің елдің табиғатынан қаттылау келген Моңғол елінің жылқылары аласа, тапалдау келіп, ауа райының қысымына бейімделіп, қанындағы хромосомы 66 парға жетсе, біздің қазақы жылқыларымыз, табиғатына сай ірілеу келіп, қанында 64 пар хромосом болуы, біраз ойға да жетелейтіндей… Жылқының түп атасы – Тарпанның табиғат қысымына бейімделе, кей өңірде Керқұлан атанып кетуі соның айғағы болса керек.
Ол аз десеңіз, иттердің, – дербес мінезді, қайсар қасқырдан өрбігеніне қарамастан, адамзаты – иттерді өзінің қажетіне қарай баули сұрыптап, тегінен аздырып, өзіне тәуелді-жағымпаз етіп, қанындағы хромосомдарының бір-біріне сәйкес келе бермейтіндей дәрежеге жеткізіп, 400-ден аса, олардың ішінде, өздерінің ата-тегі қасқырға жаны қарсы, өліспей-беріспейтін көз қаманды түрлерін шығарғанын да білген жөн.
Білгенге, адамзат, жануарлар әлемінің жоғары сатысына жататындығында. Жазушы Глеб Ив. Успенский (1843-1902), «Нравы растеряевой улицы» деген 1866 жылы жазған еңбегінде, маскүнемдерді іштарта бүркемелеп, «При всем моем глубоком желании, чтобы пьяницы мои вели себя в дамском обществе поприличней, все они до невозможности пахли водкой и сокрушали меня. Но, что же было делать? Я их умыл и приодел и они стали только хуже, а правды в них меньше»….деуі де (Г.И.Успенский, том I, изд. Маркса, Сп(б), 1908г.), біраз ойға жетелейді.
Айтпағым, әр халықтың мәдениетінің ілгері, не кейін кетіп, божырап, өркениеттен кенже қалуы, өз ел басшыларына да байланысты сияқты. Абуль Хасан Амери (умер в 381г. х.л.к.) говорит: «Если государство намерено поработить народ и таким образом мешает ему достичь счастья, то это правление –тирания. Не имеет значения, откуда она исходит, из искаженной традиции или из отказа от соблюдения правильной традиции» десе, Абуль Хасан Амери Маварди (346-450гг. х.л.к.): – «…Король подобен реки берущей свое начало у ручья. Если в ручьях течет сладкая вода, то речная вода будет сладкой, а если в ручьях соленная вода, то вода и в реке будет такой. Поэтому: «Правитель и король должны постоянно стремиться к улушению своего поведения и к очищению своей души, воспитывать в ней все лучшее и возвышенное, и только после этого он может приступить к выполнению своих обязанностей, поскольку только от него исходит правильное ведение всех дел», – дейді. (С.М.Хатами, «Традиция и мысль во власти авторитаризма» изд. Моск. университета, 2001г.)
Осы айтқан ойларға дәлел, 140 миллионға жетер-жетпес халқы бар Ресейде 20 миллионнан артық кедейлер тәлтіректей ғұмыр кешіп, кісі өлімі көбейіп, соңғы он жылда орыс ұлтының саны бес миллионға кеміп жатса, 1,5 миллиард халқы бар Қытайда кедей-кепшілік деген жоқ, ойланарлық жай. Ресейдің «Защита русского языка», «русский мир» – деп өзеуреулерінде, арам пиғылдарымен, көрші елдеріне көз алартып, қарақшылық қылықтарға баруында, әпербақандық, өктемдік, жауыздық жатса керек. Айналасындағы елдерге орыс тілінің жойылу қаупі де аңғарылмайды, әрі былай қарасаң тілінде тұрған ғажайыбы да жоқ. Өзі қазақ болған соң айтып тұр демес үшін, ұлты неміс, марқұм Г.Бельгерге сөз берсем, ол: – … что… русская рифма в один ударный слог для казаха звучит скудно, бедно, примитвно. Казах любит рифму звучную, полнокровную, где созвучны не один слог, а миниум два, а лучше три, четыре и более слогов… И создатель щедро одарил казахский язык рифмами. Это поистине поэтический язык, – дейді.
Бұлар, көрші елдерді өз тілінде сөйлетпей, айналасының мәңгүрт болып қалғанын, дербес мемлекеттерінің мәдениеті жоғары ұлттық дәрежеде ілгерілеуін қаламай, өз межелерінен асырғысы келмейтіндігі көзге ұрып тұр.
«Орыс әлемі», «Орыс тілділерді қорғаймыз» – деп, атой салып, шыр-пыр болып жүргендерінде, өздерінің осынау астыртын жауыздық мүддесінде жатса керек. Содан барып, орыс тілді болып кеткендердің өз ұлтының салт-санасын, тарихын, әдет-ғұрпын, тілін, ділін, дінін білмей міскін болып, өз ұлтына жаны ашымайтын меңіреу, мылқау, мәңгүрттікке, көзқамандыққа ұрынатынын білетіндігі аңғарылады. Сол себепті, біздерге шовинизмнің иісі аңқыған, тарих өзенін кері ағызғысы келген В.Жириновский, В.Никоновтардың «Орыс әлемі» жат. Бізді адамгершілік қағиданы ұстанған, құлашын кеңге сермеп дарындылығымен танылған Л.Н.Толстойдың, И.Буниннің, Н.Бердяевтің, Е.Евтушенконың, В.Г.Короленконың, Л.Н.Гумилевтың әлемі, мәдениеттілігі, іш тартқыза қызықтырады.
Татар халқының ардақты ұлы Шихабаддин Маржани (1818-1889) мен біздің ұлы ағартушыларымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): «Өз ана тілінде тәрбиеленбеген бала, ұлтына қызмет атқара алмайды» – деп жан айқайларына салып, айтып кеткен. Өздерінің есуас надан қылықтары жөнінде орыстың талай атақтылары да біздің Абай сияқты қалыс қалмай жазған. Ол қылықтары жөнінде бұрынғы мақалаларымда айтылған. Қайталамай, тек профессор П.М.Хомяковтың: – «…что, Москва способна превратить в дерьмо все, к чему прикасается», деген тұжырымы жетіп артылады. Тіпті, соңғы 125 жылда Ресейліктердің саны 450-500 миллионға өсудің орнына (Д.И.Менделеев пен әскери бас штабының дерегі), ноқай қылықтарынан шатқаяқтап, баяғы бірінші Ресей империясының санағындағы (1897ж.) қалпы, бастары өспей қалды, біздерді де қырып, жойып тәлтіректетті. Не айтарсың?!.
Бұлар бір-бірін мінеп-шенеуге келгенде, алдарына жан салмайды. Ол қылықтары, дәлме-дәл келіп те жатады. Айтпағым, басы сабанға толы, сол Соломенцев, кейін Алматыда болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде әрі қарай жауыздыққа барды. Мәскеудегі Одақ басшылары қазақ халқын басынып, елімізден бір ұлттық лидер табылмағандай, басқа өңірден Димекеңнің орнына әлдебір Колбинді әкелген-ді. Сол үшін намысқа басып, ереуілге шыққан қазақ жастарын басып-жаншу мақсатында, арнайы Алматыға келген Соломенцев, бұрынғы өзінің жанашыры, тікелей басшысы болған Димаш Ахметұлымен кездесіп, мән-жайды сұрасып, ақылдасқысы келмей, өзім білемдікке салынды.
Алматыға Одақтың түкпір-түкпірінен мұздай темір құрсанған «спецназ» деген сотқарларын әкелтіп, кеудемсоқ ұлы державалық держимордалыққа ұрынып, олар, алаңға шыққан қыздарымыздың шашынан сүйреп, тепкінің астына алып, ер балаларды сапер күректерімен, сойылдарымен соққының астына алды. Тап бір жалаңдаған бір үйір қасқыр қойға шапқанындай, алаңды қанға бөктірді. Алматының алаңы бастары жарылып, естерінен танып, құлап-сұлап жатқан жастарға толды. Шырылдап, таяқ жеп жатқан қыздардың дауысы жер жарды… Биыл сол, жүрегің сыздап арқаң мұздайтын қаралы желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады.
Желтоқсан оқиғасына жарты жыл өтпей жатып, Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісі жөнінде, Кеңес Одағының Орталық партия комитеті, қазақ халқын – ұлтшылдар деген қаулы да шығарып еді. Өз басым, осынау қаулы шындыққа жанасады, ендігі жерде шовинистер біздің кім екенімізді біліп, аяғын аңдап басар деген ойда жүруші едім. Олай болмай шықты. Ел басқарып жүрген қазақ азаматтарының ішінен космополитизмге – бибібауырлыққа ұрынғандар (әлі де жүр), пысықайлық, жағымпаздық, жарамсақтық, жылпостық танытып, ұлт болашағы жолындағы жастардың ереуілдеп бас көтерген намысшыл, қозғалысын құрдымға кетіріп, баяғы ләппайлыққа салынып, ұлтшылдық, намысымызды оятқан қаулыны теріске шығартып тынды. Сол кезде қазақ болып жаратылғаныма намыстанамын дегендерді де көзім көрді. Бұл күнде соның зардабын бүкіл ел болып бастан кешіп жүрміз. Бозөкпеліктен, жалтақтықтан арыла алмай, рухымызды, намысымызды жаншумен келеміз. Кей жағдайда ұлттық мүдделерімізді аяқ асты қылып, ілгерілеу, өркендеу, отаншыл, мемлекетшіл болу, қиялға айналып барады. Не дейін!?
Ұлтшылдық – басқа ұлттарға өктемдік (шовинизм) жасау емес. Ұлтшылдық – сонау көнеден келе жатқан текті қазақ екендігімізді, әрі елдігімізді білдіріп, ешкімнің жерін жаулап алған халық емеспіз, тұрақты автохтонды мекенімізді сақтап қалу үшін, ұлт руханиятын табанды түрде сақтап, қорғау үшін ауадай қажеттің қажеттісі.
Тірісінде, орыстың ұлы Валентині атанған, жазушы Валентин Распутин кезінде: «Ұлтшылдық дегеніміз – ол, – өзіңнің анаңды жақсы көру сияқты. Әр адамның өз анасы өзіне ыстық. Ол – ең дана, ең мейірбан, ең ақылды, ең сұлу, қысқасы, жұрттың бәрінен жоғары қасиетті жан. Оған ешкім жетпейді. Бірақ дүниедегі ең тамаша, асыл жан – менің анам деп түсіну, – басқа аналарды жек көру немесе кемсіту болып табылмайды. Мен барлық аналарды құрметтеймін, алайда, өз анама өмір бойы қызмет етемін», – дейді.
Әрине, ұлтшыл болу дегенің, осыдан барып, өз ұлтың үшін қызмет етуден басталатыны сөзсіз. Әрі басқа ұлт өкілдерінің жақсы қасиеттерін аңғарып, мойындай бас иіп, түсіністікпен қарайсың. Олар да біздің жерлесіміз болған соң, дербес мемлекеттігімізді мойындап, мемлекеттік қазақ тілін білуге міндетті деп талап қоюға да қақымыз бар.
«Кімде-кім ұлтын сүйсе, қияметте де Алла оны сол ұлттың сапында тірілтеді! Қауымыңды сүйгенің – бір есеппен Алланы сүйгенің, қауымыңа қандай қызмет жасадың? – деген екен, әл-Бұхари риуаят еткен хадисінде.
Бұдан артық не айтуға болар екен?! Осындайда, сені жауың есіңді тандыра жаншып, тұншықтырып, өлім халіне жеткізіп, тәлтіректетіп жатқанда, тұяқ серіппей, «Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі»,– деп астананың көшесіне де жазып, «Таспен атқанды – аспен ат» – деуіміз, бар болмысымызды жоятын қасаң қағидаға жатпай ма? Кім көрінгенге жалпалақтап жүрген аңғалдық мінезіміз түбімізге жетіп жүр ғой. Жауыңды аспен атқын келсе, жақсылық жасағың келсе, одан күшің басым, үстем болу шарт емес пе? Оған дәлел – Еуропадағы католицизм XI-XIII ғасырларда адамгершілік-гуманизм деген ұлы қасиетті ұғымдардан мақұрым меңіреу болған жерлерін білген жөн. Сөзім жалаң болмас үшін, «Очерки истории инквизиции», – деген Москвадан 1906 жылы шыққан кітаптан үзінді келтірейін: «…За участие в крестовом походе Папы обещали людям вечное блаженство после смерти и богатства Востока при жизни. Убийство провозгласили они добродетелью, – убить неверного было делом, угодному богу – христиан. Папа обещал всем отправившимся в так называемый крестовый поход прощение всех грехов. И суеверные рыцари не обманули папских ожиданий. Они продавали за бесценок свои имения, покупали вооружение и со всех концов Европы собирались под знамени крестоносцев, поспешно нашивая себе крест на одежду… И кровью залили они эту «святую Землю». Магометане – арабы никогда не знали тех страшных жестокостей, которую совершали христианские народы. Длинный ряд костей, белевших по всей дороге на Восток, обозначают путь крестоносцев. До 70 тысяч душ было убито при взятии Иерусалима. Озверевшие христиане разбивали о стены головы грудных детей, сбрасывали младенцев с высоких башен, насиловали и истязали женщин, жарили на костре мужчин, евреев они загоняли в синагоги и сжигали в них живьем. И все это производилось с молитвой, с нашитым на одежду крестом, во имя Христа и во славу Божию.
И около двух столетий лилась так кровь христиан и сарацин. Последователи Магомета прониклись глубоким презрением к жестоким и лицемерным христианам… и это, в сущности было продуманное и подготовленное контрнаступление христианства против Ислама, Европы против Азии»…
Осындай қиын қыстау кезеңде мұсылмандардың басын біріктіріп, кресшілдерге қарсы шығып, 1187 жылы тойтарыс берген Күрдтерге еш қатысы жоқ, тегі Түрік «Көк-Бөрі»-Салах-әд-Дин (1138-1193) Еуропаның жабайы, қараңғы шымылдығын алғаш сырып тастап, өздерінің жаралы сарбаздарымен қатар, дүние жүзіне аяушылық, адамгершілік (гуманизм) танытып, жаралы крест жорықшыларын да емдеткен.
Бұл жерде Салах-әд-Дин жауды жеңіп үстемдікке жеткеннен соң, адамгершілік танытып, «таспен атқандарды аспен атып тұрғанын» біздің де білгенміз жөн.
… «Поэтому на всем протяжении истории ничего не революциолизировало человеческую жизнь, как это сделала наука своими методами и своим подходом. Решения истории выносит время. К счастью, Церковь поняла в ХХ веке и развела под собой костер совести. Папа Римский Иоанн Павел ІІ на рубеже третьего тысячелетия, 12 марта 2000 года, извинился и просил прощения за инквизицию, за сотворенную трагедию. Он, видимо, осознал, что на кострах горели не только люди, – но и культура средневековой Европы. Бесследно исчезали библиотеки на тюркском языке…стон человека, у которого умирала Родина… (К.Таукенов, «Небесные Тюрки», Астана, 2017).
…Тәңірге табынған, агглюнативті түріктілді Еуропа халықтары, католиктердің оларды қырып жоя бастаған қысымынан кейін, флективті тілдерге ауыса бастады… итальян, француз, неміс, дат, славян тілдері жазбаша Х ғасырда ғана пайда болды (Ю.Н.Дроздов)… Рене Генон (1886-1951), Юлиус Эвола (1898-1974), Фритьоф Шуон (1907-1998) сияқты Батыс оқымыстыларының: «Біз татарлардың (скифтердің) ата-бабаларының және олардың, адамзаттық ұлы оқытушыларының алдында опасыздық жасадық» – дейтіндері осындайда шықса керек.
Әлем тарихы жүйесіз бұрмаланып, дүниежүзі халықтарының көнеден бері келе жатқан жарық жұлдызы, келешекке жол сілтеген Түрік Әлемі, осылай тарихта бұрмалана, дұрыс бағаланбай, тиесілі қомақты орнын ала алмай келе жатқанын, тіпті Түрік Қағанаты заманында, мысалға, орыстардың мемлекеті түгілі, князьдіктерінің болмағанын, Аттила (Еділ батыр) – Еуропа халқын Рим империясының құлдығынан азат еткенін де зерделей біліп, бұл заманда, өз ұлтының бүгінгі есеңгіреп жүрген халіне күйзелген, елімнің күрескер жанкүйерлерінің бірі – ақын, ғалым, Кеңес заманында «Елін сүйген ерлер партиясының» жетекшісі болған, марқұм Бүркіт Ысқақовтың: –
Азия – Сен ұлысың!
Ұлылығың құрысын.
Құрысын демей, не дейін?
Еуропаның құлысың!–
деп кейіп, ішкі запыранын қотаруы, кейіннен сол мұңына дәлел, еш елдің өңі, түгілі, түсіне де енбейтін автохтонды жерімізден, ғасырлар бойы тоналғанның өзінде, «Алтын Адамдарды», Даналық әшекей туынды «аңдар стилінде» жасалған зергерлік бұйымдардың табылуы, біздің дәуірге дейінгі (б.д.д) заманның өзінде мәдениетіміздің өте жоғары болғандығының айғағы болса керек. Оған тағы бір дәлел П.Савицкий:–«…Более совершенных и более современных (сверхосовременных!) вещей вообще нет в искусстве нашей планеты, кочевнический «Звериный стиль» стоит выше всех греко-римскойкультуры» – деуінде. (Л.Гумелев: судьба и идеи. Москва, 2007).
Біздер, Біріккен Ұлттар Ұйымының толықтай мүшесі болғандықтан, әлем тарихын қайта түзетіп, адалын жазу мәселесін көтеруге құқығымыздың бар екендігін айтқым келеді. Себебі, Еуроцентризм мен Русоцентризм пиғылымен жазылған жалған тарих, дүниежүзі халықтарын жарға жығып келеді. Атақты «Дон Кихот» романының авторы Мигель де Сервантес (XVII ғ): «Тех кто искажает историю, надо судить так же строго, как фальшивомонетчиков» – деуі соның айғағы болса керек.
Француз әдебиетшісі Маркиз де Кюстинде (1790-1857) сонау ертеден, Ресей туралы жазбаларында 1839 жылы: «Әрдайым ақиқатқа қарсы жүргізілетін астыртын әрекет, бұл елдің қоғамдық өмірінің өзегіне айналған» – деп жазып кеткен болса, біздің ата-бабаларымыз: «Орыстан жолдасың болса, жаныңда айбалтаң болсын!» – деп, одан да ертерек, олардың ел басшыларының екіжүзділік, жауыздық қылықтарын аңғарғанын естен шығармау керек-ақ. Біздің Ресейге атқарған тарих алдындағы адамгершілік қасиеттерімізді мойындап, Еуразиец П.Н.Савицкийдің: «О роли Золотоординских царей, как оберегателей русского единства, не должны забывать, кому близки проблемы единения русских племен и земель» – деуіне қарамай, егемендік алдық деп жүрген заманымыздың өзінде, біздерге көз алартып, әлі де болса қорлық пен құлдықта ұстағылары келіп, бар ұлттық болмысымызға, әсіресе, тілімізге, жерімізге тістерін ақситып, интервенция жасауынан айылдарын бір сәт тартар түрі жоқ. Адалдық бұлардың татып көрген асы еместігін білдіруде. Ертеден «пиғылы жатпен бірге отырма» – деген осындайдан шықса керек.
«Орыстанып кеткен басқа ұлт өкілдері өз ұлтына бүйідей тиеді»,– деп айтып кеткен В.И.Лениннің 45 томындағы қағидасы еске түсіп, қашып пысып, жамандық пен көзін ашқан, тұла бойлары қан сасыған Ресейдің қол шоқпары, көрсоқыр, қара шекпенді Ермак, Ерофей Хабаров сияқты бандиттері көз алдыңда тізбектеле, орала береді. Бұларға қарап тұрсаң өңкей дүлей, ұр да жық, сылдырап шілтірейген топастық.
Ресейдің демократиялық, адамгершілік қағидаға нық аяқ баса алмай шатқаяқтап қалу себебі, 1861 жылдың 19 ақпанындағы құлдықтан арылу реформасының түпкілікті іске аспай, бертін, оған қоса, Большевиктердің сорақы бұғау, езгісіне ұшырап, неше түрлі қырғын-сүргінін бастан кешіріп, абақты, лагерь, аштық, үндемес, екі бірдей алапат соғысты бастан кешіріп, қырылғанында, әрі әлемді жарылқап, коммунизм орнатамыз деген қиялдың жетегінде кетіп, «қолы көтере алмас шоқпарды беліне байлап» (қару-жарақ бәсекелесі), тыраштана, әрі бар мүлкін оңды-солды шет елдерге шашып, ақыры Одақты құртып тынуында жатса керек. Оған қоса Кеңес Үкіметінің тікелей мұрагері атанып қалған Ресей өндірісі дамымай қалғанына қарамай, 2014 жылға дейінгі бағасы шарықтаған мұнай мен газдың буына масаттана- мастанып, келмеске кеткен империяны қалпына келтірмек оймен, жан-жағындағы елдерге көз аларта, ашқарақтана сумаңдай бас салып, тексіз, қанына біткен Көкектің балапанындай ноқай нойыс тойымсыз қылықтарына баруынан тыйылмауында болса керек.
Мына XXI ғасырда соры қайнаған Ресей елінде, қазіргі билігі шовинизм ұрығын әрі қарай кеңге жайғызып, мемлекет дəрежесіне дейін көтеріп, олқылығын, «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» керін келтіріп, бүркемелеп: – Я против всякого пещерного национализма (теледидарда, 17.02.2021) дейді. Айтқанын талдап көрелік. Бірінші шешен соғысынан, Ресей жеңіліске ұшыраған соң, қайта екінші шешен соғысын ашу үшін, елінің ірі-ірі қалаларында көп қабатты үйлерін қасақана жарып, өзінің 300-дей азаматтарын құрбандыққа шалды. Осынау жауыздық қылықтарын шешен халқына жауып, қандастарының оларға деген ашу-ызасын қоздырды. Нəтижесінде емін-еркін хайуандыққа жол ашып, шешендердің ауылдарын напалм бомбасының астына алып, өртеп, оларды қырып салды. Ресейдің осынау жауыздық қылығы, өзі айтып отырған, «пещерный национализмі», қаны сорғалап тұрған шовинизмнің нақ өзі ғой. З.Бзежинскийдің дерегі бойынша, сол екінші шешен соғысында 20 пайыздан аса шешен халқы мерт болды. Бұлар да өз отандастары екендігінде шаруасы жоқ болды. Жалғыз генерал Лев Рохлин ғана өз елімде, өз халқыммен соғысып, маған берген «Ресей батыры» атақтарыңды кеудеме таға алмаймын – деп, марапаттан бас тартты. Кейін сол үшін мерт болғандай. Сол тұста В. Жириновский: «Россия для русских» – деп, жар салды. Ақыры бұлар, елін аздырып-тоздырып, қайыршылық халге жеткізді.
Бұл күнде ұйқы көрмей жан-жағына қодыраңдап, көз алартып ілік іздеп жүргені содан. «Новая» газетінің (№15, 2021) журналисі Ирина Петровская: – «Федеральный эфир буквально пронизан предчувствием и даже радостным предвкушением грядущей войны. «Хотят ли русские войны?» Ответ на вопрос из знаменитой антивоенной песни Э.Калмановского, на стихи Е.Евтушенко, если смотреть телевизор, очевиден, – «хотят, хотят!». Поет слаженный хор телепропагандистов всех мастей, совершенно не интересуясь мнением ни матерей, ни «тех солдат,что под березами лежат» – дейді. Шындық, ақиқат!
Бұдан он шақты жыл бұрын, В.Путинге бір журналист: – сіз қандай кітап оқып жүрсіз?: – деген сауалына, ол: – тарихшы В.О.Ключевскийдің – деп, еді. Сірә, оқымаған. Оқыса В.О. Ключевскийдің (1841-1911): – «…Государство пухло, а народ хирел, из-за колонизации других земель и других народов» – деген тұжырымын аңғарар еді ғой. Ал Г.Киссинджер болса: … Некоторые из русских руководителей, например князь А.Горчаков, были достаточно мудры, чтобы осознать, что для России «расширение территории есть, расширение слабости», но подобная точка зрения не способна пока умерить российскую манию новых завоеваний», – дейді.
Ертеден бүгінге дейін, Ресейдің қай ел басшылары болмасын, өресі таяздықтан «Русизмге» ұрынып, жағымпаздарға қол шапалақтатып, бас асаулығына салынып келеді. Әулекі, шалағай ойлы Петр I (1672-1725) тіпті сонау қиырдағы, бұл күннің өзінде, әркім біле бермейтін шалғай Мадагаскар аралының бандит-пираттарының жоғын жоқтаған болып, ол аралды басып алу мақсатында 1724 жылы әскери-теңіз флотын жасақтатып, дайындық жұмыстары аяқтала бергенде, кенеттен 1725 жылы қайтыс болып, ойының іске аспай қалатыны бар…
Ал, патшайым Анна Иоанновна (1693-1740) болса, сонау Бразилияға ауыз салып, оны Ресейдің «Амазон губерниясына» айналдырғысы келіп, 1730 жылдары Витус Берингке (1681-1741) тапсырыс береді. Алайда, Испания мен Англия мемлекеттері тізе қоса Ресейдің бұл қылығына қарсылық білдіргенінен сескеніп тайғақсыды. Бандиттерін алға салып, озбырлықпен жаулап алып жатқан жерлері аздай, император Павел I (1754-1801), 1801 жылдың ақпанының 28-інде Дон казактарының атаманы Василий Орловты бас қылып Индияны жаулап алуға қарулы күштерін аттандырады. Олар шұбыра, наурыздың 23-інде, қазіргі біздің елдің шекарасына жақын, «Мечетное» елді мекеніне жеткенде, соңдарынан қуғыншы келіп, патша Павелдың 12-ші наурызда қайтыс болғанын хабарлап, жасақтарының кері қайтуы керектігі жөнінде жедел хат тапсырады (К.Кудряшов). «Индия мұхитында қанды етігімізді жуа алмадық», – деп, шовинист Жириновскийдың қынжылыс білдіретіндігі содан болса керек…
Барымен базарлап, елін көркейтудің орнына, Ресей патшаларының бар арманы, әлем елдерін жаулап, тонаудан басқа ой-өрістерінің болмағаны аңғарылады. Ауруға тең, осынау қылықтары қандарына дендей сіңгендігі соншалықты, тіпті Кеңес заманында да орын алғаны белгілі… Осы айтқандарымның жалғасы, мына XXI-ші ғасырдың өзінде, Ресей империясының жерін түгендеп жиып аламға салынып, төңірегіндегі дербес елдерге қодыраңдай зікір салып, Молдованың, Грузияның, Украинаның біршама жерлерін әлімжеттілікпен басып алып, басқа елдерге де көз алартып қоймаған соң, бүкіл әлем бас көтере қарсы тұрып, саяси-экономикалық санкциялар жариялап, онысын үсті-үстіне үдетуде. Ресей болса, сыңар езуленіп, «жеңілген күреске тоймас», өздерінің жиіркенішті, жауыздық қылықтарынан айылын тартар емес. «40 кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегенге тереңдей ұрынып, әпербақандыққа салынып, шегінер түрі байқалмайды. Содан барып, елі жылдан жылға жүдегендіктен кері кетіп, экономикасы баяғыдай шатқыаяқтауда.
Сыншы-публицист, философ,– Д.И.Писаревтің (1840-1868), бұдан 157 жыл бұрын: …«Мы ведь очень бедны, но и в то же время очень расточительны…Бедность порождает разврат и преступление… Конечная же цель всего нашего мышления и всей деятельности каждого честного человека состоит все таки в том, чтобы разрешить навсегда неизбежный вопрос о голодных и раздетых людях; вне этого вопроса нет ничего, о чем бы стоило заботиться размышлять и хлопотать»;– дегенінен мына XXI ғасырда, Ресейде не өзгерді? (Д.И.Писарев,
т VI, изд.Павленкова, Сп(б), 1894,) «Баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас» – Абай.
Ғасырлар бойы бұларда ілгерілеу деген жоқ. Қыңыр, амбицияға ұшыраған Ресей, менің көз алдыма, кез-келген саулықтың бұтына сұғанақтана тап беріп, таяқ жейтін жетім қозыдай елестейді. Қарғыс жібере ме, Сібір халқын арақ-шараппен аздырып-тоздырып, олардың көз жасына толы газ бен мұнайларын шет елдерге экспорттап, Ресей мемлекеті тәй-тәйлап күн көріп отыр. Бұлардың барлық ішкі өнімі (ВВП) Қытайдың бір ғана 63 миллион халқы бар Гуандун провинция-
сына тең екендігіне қарамай, қару-жараққа қаржы бөлуге келгенде, АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орында. Елінің жиған-терген байлықтарының 71 пайызы Путиннің достары – олигархтарының қолында.
Қорыта келе айтпағым, бұлардың бұлталағы уақытында Б.Ельциннің көмекшісі болған сарапшы-журналист В.Костиковтың мына тұжырымына келіп тіреледі. Ол былай дейді: «…Политический смысл маневра под лозунгом «Бегом из Европы» в целом понятен. Российская элита не справлятется с тем, чтобы вписать Россию в европейские метрики и стандарты. Что значит идти в Европу? Это значит приноравливать нашу политическую культуру, наши инструменты, судебную систему и гражданские права к европейским. Идти в Европу это значит сравнивать с Европой уровень нашей жизни, образование и медицину. Но согласитесь: почти любое подобное сравнение будет публичной поркой для нашей власти. Жить по европейски для нашей элиты значило бы – умерить свою алчность и расточительство, снести заборы вокруг своих дворцов, отказаться от привилегий и фактической неподсудности. Жить по-европейски – это принять риски свободных выборов и примириться со сменяемостью власти. Готова ли она к этому? Ответа мы, понятно, не услышим. Заявляя что «Россия – не Европа», элита лукавит. Сама она, конечно, очень хочет в Европу. Но, без народа и без страны. И китайский халат она шьет не для себя»….
Бір қызығы, бұдан 160 жылдай бұрын А.И Герцен де (1812-1870): «не нам Европу корить и учить, как это делали славянофилы, а у неё учиться, её уважать, у нее заимствовать… » (В. Богучарский. «Из прошлого русского общества», Сп(б), 1904 г.) – деп еді.
Жібек көйлектерін тезек теріп тоздыратын кейбір ауыл әйелдеріне ұқсап, коммунизм идеясы Еуропада тентірей кезіп жүргенде (К.Маркс) тексіздердің кесірінен дами қоймаған Ресей елінің топырағына (В.Плеханов) жабыса кетті. Төңкерісшілердің көбінде, түрме, лагерьден басқа білері жоқ, білімсіздер еді. Содан барып Ресей мемлекетінің тас-талқаны шықты. Еліндегі халқын әлгі тексіздер «бай, кедейге» жіктеп-жіліктеп бір-біріне арандата қарсы қойып, 70 жылдан артық уақыт қанға бөктіріп, оның ішінде, әсіресе, қазақтарды этноцидке пара-пар, қынадай қырып салды. Сол қылықтары үшін осы күнге дейін кешірім сұрар түрлері жоқ, қайта әлі де қыр көрсетуде. Кеңес үкіметінің көзін жойған Б. Ельциннің премьер-министрі болған Виктор Черномырдин мырза, елінің экономикасын түузу жолға сала алмай, әрі шешен халқымен қырқысып жатқанда: – «хотели как лучше, а получилось как всегда» – дегенінде, бұлардың физиологиясында, шам қылышының өткір жүзіндей шындық жатқанын аңғартса керек.
Тарихта көп елді жайбарақаттық, әрекетсіздік қамсыздық құртқан. Ендігі жерде ес жиып, етек жабар кезден қапы қалмайық, алда әлі талай күрделілігі мол жылдар кезігетін түрі бар. Бүкіл әлем жаһандық процестерге көшіп, алып елдер қай саладан болсын, бірінен-бірі асқысы келіп жанталасып жатыр. «Топтан қалған қазды, топтанған қарға жейді» – деген бар. Біз сол жайды бастан кешіп жүрмейік. Алаңдайтын жайлар көп әлі де. Ең бастысы бізге тәуелсіздік оңай келмегенін білейік. Билік жасағандар ұлтымызға өктемдігін көрсетіп бақты, көрсетіп те жатыр. Сол бұрынғы отаршылардың отын сөндіруге шама-шарқымша тырысудамыз. Соның өзім білетін біраз жайларын баяндағандай да болдым. «Тығулы жатқан алтынның, топырақ басқан тастан несі артық?» – дегізбей, осының алдындағы мақалаларымда да жаздым.
«Ойда жоқ, уайым да жоқ, ойнай берсең, ой да көп, уайым да көп ойлай берсең» – деп, Абай хакімнің анасы Ұлжан айтқандай, осынау 87 тозарлық жасқа келсем де, мына сайқал өмірдің қиястығы дөңбекшітіп тыныш жатқызар емес. Сарыла айтпағым, елдің сағын сындырмайтын Көк байрағын биік ұстап, ұлтын жетелі түзу жолдан адастырмайтын, ортамыздан оза шыққан ұлтшыл, отаншыл ел азаматтарының көзге ілінбеуінен, бір шерге бір шердің ұласа беруі жаныңа батады. Қазақтың өсіп-өнетін сарқылмас бұлағы есептелетін, ауылды жеріміздің де көбесі сөгілді. Ұлттық кәсібіміз бен ұлттық гастрономиямыз да жойыла бастағандай. Аяқ бассаң парадан көз ашпайтын сыңайлысың. Э.Лессингтің (1729-1781): «Если бы Бог протянул мне в одной руке абсолютное знание, а в другой только стремление к истине и сказал – Выбирай! – Я бы ответил: Нет Творец! – Возми себе абсолютное знание, вечное неподвижное, а мне дай святое недовольство и непрерывное, беззаветное стремление», – деген орнықты сөзі, көңілімді алуан түрлі ойға жетелеп мазалайды.
Өткенімізді жүйелі түрде саралай алмасақ, бүгінгі сан түрлі мүшкіл халімізден арыла алмасақ, болашаққа қалай адаспайтын жол таппақпыз? Біздер, қарттар, ұлтымыздың басынан кешкен қайғы-қасіретін қайталатпайтындай білгенімізді жүрген жерімізде, отбасында айтып, ұрпағымызды неге тезге салмаймыз? Тіпті əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқтығынан, қыздарымыз тыным-тыйым білмей, ұлттық құндылықтарымыздан жұрдай болып, тойтаңдап көшеге шығып кетті. Ертеде ақсақалды ауыл тозбайды – деуші еді. Жасы үлкен жөн-жосықты білетін, ұлттың көбесін сөктірмейтін, кемеңгер, жөңкігендердің шекесіне шеге қағып отыратын – кавказ халықтарының ақылгөй қарттарындай біздерде бұл күнде ақсақалдар бар ма?
Ақын Тұманбай Молдағалиевтың
– Құрметтемедік қай қартты
Бəрі оның бірақ, мықты емес
Алыстан таулар айбатты
Қасына келсең, түк те емес! –
дегеніне саятындай көбі құр елес.
Қаршадайымнан отағасылармен достасып, қойларын құрттасып, айранын ұрттасып бірге қайнасып өскендігімнен де болар, сол нұры пейіште шалқығырлармен салыстырсам, мына бүгінгі заманғы, үлкендеріміздің көбі əумесер, дарақы, кеуделеріне жез бірдеңелерді сылдырлата тағып алып, даңқ құмарлыққа салынып, бос жосып жүргендей.
Бұрын батырды əр долы қатынның екісінің бірі табады, би-шешенді ілу де шалуы табады деуші еді. Қазір қазақта батыр көп, тіпті осы уақытқа дейін естілмегендер қаншама?!. Əр рудың өз батыры пайда болды. Бақталас-бәсталастыққа ұрынып, анаған көше аты берілмеді, мынаған ескерткіш орнатылмады – деп, есік қағып, əкімдерге барып, табандарын тоздырып жүргендерде шек жоқ.
Жері мен суын шынайы сүйетін, патриоттық ұрпақ тəрбиесі мен олардың білім деңгейін, әрі экономикамызды түзу жолға салуды кім ойлап, іске асырып жүр? Осындай далақпайлықтың кесірінен, біздер бұл күнде, ұлттық орта тəрбие аясында өсіп жетілмеген қоғамда ғұмыр кешіп жатқандаймыз. Жікке бөлініп, келешегімізді құрбандыққа шалып, атақ, дәреже, ескерткіш жарысына түсіп жүре берсек, түбі, Голландияның Арнеме қаласының саяжайындағы, «Государство – это Я» – дейтін Людавик XIV, Сталин, Гитлер, Франко сияқтылардың бір-бірінің беттеріне, түкірік атып тұрған фонтан ескерткішіндей, не соған ұқсас жағдаяттар біздерде де пайда болатындай. Масқара емес пе? Мұсылмандық ұғым, пайым, тағылым; Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың даналық, ақыл-ой бұлағы санатындағы хадистері қайда қалды? Ұлттық қасиетіміздің мәні, жансыз суық қатып қалған ескерткіште, не көше атында тұрмаса керек еді. Рухыңды асқақтатып, жігерлендіретін мәңгілік тас белгі, – Мүде ханға, Еділ батырға, Қорқыт Атаға, Шыңғыс ханға, әл-Фараби, Керей – Жәнібекке, Абылай ханға, Кенесары ханға, Абайға, Әлиханға, Мағжандарға жарасымды.
Франция үкіметі, Шарль де Голльге (1890-1970) шағын ғана ескерткіш орнату үшін, оның туыстарының аяғына жығылып, әзер дегенде рұқсат алды. Міне ұлылық, ілгерілеу, мәдениеттілік деген қайда жатыр! Италияның атақты революцияшыл әдебиетшісі Джузеппе Мадзини (1805-1872) бүй дейді: – Самое великое самое святое, что Божество дало человечеству – это стремление к свободе; бороться за нее иследовать нравственному закону… В продолжении всей жизни думал настолько глубоко, насколько был способен, о законе нашей жизни. Я отыскивал его в истории человечества и в моём собственном сознании, я пришел к ненарушимому убеждению, что смерти не существует; что жизнь не может быть иная, как вечная; что бесконечный прогресс есть закон жизни, что всякая способность, всякая мысль, всякое стремление, вложенное в меня, должно иметь своё практическое развитие; что мы обладаем идеями, мыслями, стремлениями, которые далеко превосходят возможности нашей земной жизни…что ничего не погибает здесь на земле, кроме форм, и что думать, что мы умираем, потому что умирает наша форма, все равно, что думать, что работник умер, потому что орудия его износились…
Я не верую ни в какую из существующих религий, и вместе с тем быть глубоко религиозным человеком… Я печалился и печалюсь еще и теперь, но не отчаиваюсь, я чувствую святость смерти. Я почувствовал новые обязанности любви, возникшие предо мной…
Перед каждой могилой я старался становиться лучше. Я был верен тем, которые уходили, и поэтому все более и более печален, когда они оставляли меня один за другим. Но, я был твердо уверен, что моя любовь не есть только ощущение, но высокое, святое дело, что она есть почка цветка, обещание и обязательство, что он расцветёт где-то в другом месте, точно так же, как каждый цветок, имея корни в земле, распускается наверху. (Л.Н. Толстой, т.18, изд. Сытина, Москва, 1913 г.)
Дж. Мадзини қайтқан соң, осынау құжат бір саудагердің үйінде сақталған көрінеді. Оны сатып алғысы келген байға: – Менің лавочкамның төбесін алтынмен қаптап берсең де, сатпаймын – дегенін де айта кеткеннің артықшылығы болмас. (Мәтін қысқартылып берілді).
М.Қашқари (Xl ғ.) «Диуани лұғат» деген еңбегінде: – «Түрікте өзін ұнату, мақтану жоқ. Түрік үлкен ерліктер жəне жанкештілік жасағанның өзінде, ерекше іс атқармағандай сезінеді» –деп еді. Біздерде жалған атақ қасиет болып, бұл заманда ұлылығымыз адыра қалғандай ма, қалай? Кімге, неге міндетсірейміз? Қорыта келе айтпағым, бұдан 112 жыл бұрын, Міржақып Дулатовтың: «Оян Қазақ!» – деп атой салған жан айқайын, әлі де болса ел, жұртымның есіне салғым келетіндігі еді.

Қасым Тәукенов

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар