Ақмола облысында үздік ресурстық орталық анықталды

«Үздік ресурстық орталық» (тірек мектебі») республикалық конкурсының облыстық (сырттай) кезеңі 2021 жылы 12-15 қазанда өтті, оған 14 ресурстық орталық (тірек мектептер) қатысты.

Іс-шара ресурстық орталық қызметін ұйымдастырудың озық тәжірибесін анықтауға, жинақтауға және таратуға, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

Сайысқа ұсынылған құжаттар мен бейне материалдарды комиссия бағалап, келесі жүлделі орын мен екі номинация иегерлерін анықтады:
1-ші орын – Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 10 мектеп-интернаты;
2-ші орын – Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебі;
3-ші орын- Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебі.

Номинациялар бойынша:
1. Сандықтау ауданы Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері, Байдалы Уразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі.

Айта кетейік, ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жүйесі, білімдегі олқылықты жоюға бағытталып, магниттік шағын жинақты мектеппен тығыз байланыстылығын айқындайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар