Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бізде айқын бір жол бар, ол - татулық пен бірлік жолы! - АРҚА АЖАРЫ

Бізде айқын бір жол бар, ол – татулық пен бірлік жолы!

Бүгін (21 қазан 2021 жыл) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Президент этносаралық қатынас тақырыбында практикалық зерттеулер жүргізуді тапсырды.

Әрине, әлем дамуының қазіргідей аса күрделі жағдайында Қазақ еліне бірлік керек! Біздің Тәуелсіздігіміздің бар саясатының өзегі де осы Бірлік!
Отыз жыл бойы қазақ еліндегі бірлік пен татулықты сақтап келдік. Бұл ең әуелі қазақ халқының даналығы мен ұлылығының, жатты жатсынбайтын адал ниеті мен таза көңілінің арқасы. Бұл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, көп диаспорлы мемлекеттің бір мақсатты саясатын қалыптастыра білуі еді!

Сәт сайын өзгеріп жатқан дүниенің бүгінгі тынысы мен тіршілігі ендігі арада әр мемлекеттің, әр халықтың өзін өзі сақтап қалу саясатын туындатып отыр. Әлемді жайлап бара жатқан Пандемия індеті, қаржы және экономикалық дағдарыс, кей мемлекеттердің біріне бірі салып жатқан санкциялары, сауда-саттықта, қару-жарақта бірінен бірі үстем болу, әлемді өзінің айтқанымен ғана жүргізу сияқты эгоистік саясат қалыптасып жатқандай.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін кей жағдайда қарулы қақтығыстар ұйымдастыру, түрлі жайларды желеу етіп өз мүддесі үшін керек деген жерінде сол елдің тыныштығын бұзу, халқын көшеге шығару, өз мемлекеттерінің билігіне наразы ету сияқты әрекеттер жиілеп барады.

Міне, дүние дамуында қалыптасып отырған осындай тенденция Қазақстанның да ішкі жағдайына да кері әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде сол реттегі көңіл күйді аңдауға болады. Өз басым Қазақстан халқы Ассамблеясының болғанын қалаймын! Ал неге қоғамда «осы Ассамблеяны тарату керек, ол неге Конституцияда мемлекеттік құрылым ретінде қарастырылады, Парламентте неге оларға арнайы орын берілуі керек?» деген пікірлер айтылып жатады. Әрине, әркімнің өз ойы мен өз пікірлерін айтуға құқы бар! Дегенмен осы туындап жатқан сауалдарға орай, арнайы талдау жүргізілді ме? Неге біздің сол Ассамблеямыз осы көңіл күйдің ықпалында жүргендерді және Ассамблея мүшелерін бір столдың басына жинап, кеңеспейді?

Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея мүшелері медиа салада, соның ішінде әлеуметтік желіде өз ұстанымын қорғай білуі тиістігін баса айтты.

«Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек. Ассамблея қызметіне байланысты ақпараттық жұмыс нақты келісіліп, әрбір қадам бірыңғай алгоритм бойынша атқарылуы қажет. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс барынша тиімді орындалуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ендігі арада Президентіміз айтып отырғанындай, «Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек!» Ал енді біздің еліміздің бірлігіне кейде көрщі Ресей мемлекетінің саясатын ұстап отырғандардың өздері де шоқ тастап отыратындары да бар ғой.

Оларды қайтпекпіз?
Әр қазақ баласын өз жеке басының жағдайын да өз Жерінің тұтастығы мен өз Тілінің өмір сүруі қатты алаңдатады! Жер мен Тіл қазіргі қазақ саясатының негізгі буыны! Соны біліп алған шеттегі арандатушылар қазақ баласының осы бір жанды екі жерінің жарасын тырналай береді ді, сол арқылы қазақстандық қоғамның бірлігі мен татулығына ши жүгіртіп отырады. Біз бұған мән бермеуіміз керек. Жер сатылмайтындығы және қазақ жерінің тұтастығы жайлы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сан мәрте айтты да, арнайы Заң да қабылданды. Және де Президентіміз өзінің биылғы жолдауында Қазақ тілі мемлекеттік тіл екендігін айқындап баса айтты.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» (Қ.К.Тоқаев) екендігін естен шығармайық! Бізде айқын бір жол бар, ол таулық пен бірлік жолы! Сол жолмен «ақырын жүріп, анық басып» (Абай) тәуелсіздігімізді нығайту! Басты міндет осы болар! Ол үшін елдің ауызбірлігін сақтай отырып, ерінбей, жалықпай, талмай Еңбек етейік, өз Тілімізде өзімізі сөйлейік!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар