Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекендердің жағдайына көңіл бөлінуде - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекендердің жағдайына көңіл бөлінуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамединнің қатысуымен «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» брифинг болып өтті. Жиын барысында аудандағы мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды.

Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы мен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының негізгі міндеттері, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

– Қазіргі таңда, біз, Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды басты бағытқа алып, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біздің аудан аграрлық аймақтың бірі. Аудан құрылымында ауыл шаруашылығы 97,1 пайызды, өнеркәсіп 2,9 пайызды құрайды. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімі 821,5 миллион теңге көлемінде болса, өңдеу өнеркәсібі 744,1 миллион теңгені құрап отыр. Аудан облыстағы егіс алқаптары бойынша алтыншы орында болса, машина-трактор паркінің жабдықталуы бойынша бесінші орында, сондықтан, ауданның негізгі даму саласы –  ауыл шаруашылығы деп нық сеніммен айтуға болады. Жыл сайын машина-трактор паркі «Ушаково Агро», «Жер Ана», «Шарафутдинов и К», «Сарымсақты» және басқа ірі серіктестіктерде жаңартылып отырылады.

Ағымдағы жылы 600 шаршы метрден астам жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама артық. Бүгінде 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ, инженерлік желілер құрылысы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде, тұрғын үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары да басты назарда.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 7 жобаны іске асыру мақсатында 203,1 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Егіндікөл ауылында кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыс атқарылыпты, 7 көшеге асфальт төселді. Ауылдардың жолдарын асфальттауға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттерден де қаражат бөлінді. Мәселен, облыстық бюджет есебінен 147,5 миллион теңге көлемінде Егіндікөл және Полтавское ауылдарының көшелеріне асфальт төселді. Ұзынкөл ауылында кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алакөл ауылдық округінің Спиридоновка ауылындағы көшелер жергілікті бюджеттен бөлінген 22,6 миллион теңгеге жөнделді.

– Облыс басшылығының қолдауының арқасында биыл ауданымыздың 4 ауылындағы 22 көшенің жол-көше жабынының сапасы жақсарды, – деді аудан әкімі жиында сөйлеген сөзінде.

Биыл Ұзынкөл ауылындағы мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті «Ушаково Агро» серіктестігі қаражаты есебінен 12 миллион теңге сомасында жобалық-сметалық құжат дайындалды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 129,9 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Аудан халқының денсаулығы да басты назарда. Тұрғындардың 60 пайыздан артығы вакцинацияланған.

Жалпы ауданда шешімін күтіп тұрған мәселелер де аз емес. Соның бірі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, шалғай ауылдардағы интернет байланысының нашар болуы, дәрігер мамандардың тапшылығы сияқты өзекті мәселелер шешімін күтуде.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар