Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы салына бастады - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы салына бастады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елена Иванова, облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов «12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Пфайзер вакцинасымен вакцинациялаудың басталғаны туралы хабарлама жасады.

Ақмола облысында COVID-19 ауруының эпидемиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақтанды. Осыған орай облыс 7 тәулік бойы «сары аймақта» тұр. Пандемия басталғаннан бері облыста COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 46919 жағдайы тіркелген. 2020 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы аурушаңдық 5,5 есеге өскен.

Аурудың азаюы вакцинациямен қамтудың артуына тікелей байланысты, бүгінгі таңда облыс халқының 41,1 пайызы вакцинамен қамтылып отыр.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында мектеп оқушылары арасында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Мәселен, оқу жылының басынан бері 1202 жағдай тіркелген. Коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты 34 мектепте 43 сынып қашықтан оқыту форматына көшірілді. Мектеп оқушылары арасында ауру санының өсу үрдісі алаңдатып отырғаны жасырын емес. Бұдан әрі жасөспірімдер мен жүкті әйелдер және бала емізетін аналар арасында Pfizer вакцинация-сы салынатын болады. 10 қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Pfizer вакцинасының бірінші партиясы Қазақстанға жеткізілді.

–17 қарашада Pfizer вакцинасын облысымызға жеткізу жоспарлануда. Сөйтіп, 17 000 адамға шаққанда екі компонентті вакцинаның 35 100 дозасы келеді деп күтілуде. Ақмола облысына 6 қараша күні вакциналарды сақтауға арналған төмен температуралы тоңазытқыштар жеткізілген. Облыс бойынша барлығы 66105 адам Pfizer вакцинациясын алатын болса, оның 47000-ы балалар мен жасөспірімдер, 8305-і жүкті әйелдер, 10800-і лактация кезіндегі әйелдерге тиесілі. Облыста 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, – деді Айнагүл Мусина. Емханаларда қосымша мобильді топтар құрылып, олардың құрамына педиатрлар, медицина қызметкерлері, психологтар енгізілген. Күні кеше ғана мобильді топ Көкшетау қаласындағы бірқатар екпе және емдеу кабинеттерін аралаған. Мәселен, №1 қалалық емхана мен №13 орта мектептің медициналық кабинетінде әзірлік жұмыстары қамтамасыз етілген.

Халықты толғандыратын негізгі мәселелерге қысқаша тоқталған өңірдің бас санитарлық дәрігер 12 және 17 жастағы жасөспірімдерді қоса алғанда, жүкті әйелдер мен жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін, лактация кезіндегі әйелдер мен босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін, яғни, 42 күннен кейін коронавирусқа қарсы вакцина алу мүмкіндігі бар екенін баса айтты. Жасөспірімдерді вакцинациялау 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің үлкен тобынан басталады. Кейіннен басқа жас топтарындағы жасөспірімдер тартылады, Яғни, 15, 14, 13, тіпті, 12 жастағылар екпе алулары тиіс. Сонымен қатар, егер вакцинацияны алу кезінде жасөспірімнің жасы 18-ге толмаған болса, онда жасөспірім Pfizer вакцинасымен егіледі. Бұл жағдайда 18 жасқа толғанша 21-28 күн аралығымен
вакцинация курсын аяқтауға болады.

Брифинг барысында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің айтуынша, Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес 12 мен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы саны 55 101-ді құрайды. Әзірге ата-аналармен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ата-анасы екпе алуға келісетін 420 бала анықталған.

Вакцинация салынғаннан кейін баланы қалай бақылауға болады дегенге келсек, оқушыға екпе енгізгеннен кейін алғашқы 30 минут ішінде медициналық бақылау жүргізіледі. Әрі қарай бұл бақылауды 3 күн мектепте де, бекітілген жердегі медициналық емханада да жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі таңда облыста коронавирусқа қарсы 5 вакцина, яғни, Sputnik V, QazVac, CoronaVac, Sinofarm, Hayat + VeroCell екпелері қолжетімді болды. Вакцинаны 133 егу пунктінен алуға болады.

«Сары» аймаққа өтуімізге байланысты облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы №40 қаулысына енгізілген өзгерістер 16 қараша күнгі 00-ден бастап күшіне енді.

Хабарламасының соңында Айнагүл Советқызы барша өңір тұрғындарын қауіпті эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық карантиндік шектеу шараларын сақтауға және вакцина алуға шақырды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар