Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көзделген жұмыстар өз кезегімен атқарыла береді - АРҚА АЖАРЫ

Көзделген жұмыстар өз кезегімен атқарыла береді

Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадырәлина өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қол жеткізілген табыстар мен алдағы уақытта шешімін тілейтін мәселелер жөнінде айтып берді.

Аудан әкімі азаматтардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын тілге тиек ете келіп,
9 айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыты бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Жыл өткен сайын инвестиция көлемі ұлғаюда. Есепті кезеңде экономиканы дамытуға 9,2 миллиард теңге бағытталды. Ауданда жол жөндеу бойынша 40 жоба жүзеге асырылды. Бүгінгі күні аудандық маңызы бар жолдың 67 пайызы, кентішілік жолдың 42 пайызы көңіл көншітпейді. Әлеуметтік саланың 4 нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді.

Мемлекеттік инвестиция есебінен «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Жақсы селосында 18 пәтерлік коммуналдық үйдің құрылысы жүргізілуде. Мердігер ұйымның кесірінен екі 27 пәтерлік тұрғын үй уақытында пайдалануға берілмеді. Дегенмен, жыл басынан бері 1906 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша 3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күні 25 елді мекеннің 95,8 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

–«Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алған «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін 2,8 миллиард теңге бөлінді,–деген аудан әкімі 28 жоба Жақсы, Запорожье, Лозовой, Белағаш, Қима селоларындағы жолды жөндеуге бағытталғанын айтты.

Жыл соңына дейін тартылған инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрамақшы. Осының арқасында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласының бірқатар нысандары бой көтеріп, 625 жаңа жұмыс орны ашылған. Машина-трактор паркіне 136 техника сатып алынды. Аграршыларға мемлекет 2,4 миллиард теңге субсидия берді. Осының арқасында 438,4 мың гектардың астығы жинап алынды.

–Ауылдық жерлерге әлеуметтік сала мамандарын тарту мақсатында ауданымызда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қарқынды жұмыс жасап келеді, бүгінгі күні осындай 24 маманға 31,2 миллион теңгенің әлеуметтік қолдауы көрсетілді. Ауданда тұратын 6 мың адам спортпен айналысады. Биылғы жылы Тәуелсіз Республикамыздың 30 жылдығына арналған бір мың мәдени шара өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда, – деген Алмагүл Қадырәлина журналистер қойған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар