Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні табиғат ерекше нұрға бөленіп, әдемі кейіпке еніп, шынайы шаттық, көркемдік пен сұлулықтың сырбаз лебі еседі. Күннің алғашқы шуағы тәрізді құрметті қыз-келіншектер Сіздер де төңірекке арайлы нұр шашасыздар. Қоғамда сіздер шешуші рөл атқарасыздар. Саяси процестерге қатысып, қайырымдылықпен айналыса жүріп, өз істеріңіздің нағыз мамандары екендеріңізді дәлелдеп бердіңіздер. Кәсіби шеберлік, жауапкершілік пен қалтқысыз орындаушылық қасиеттері сіздерді өндірісте де, әлеуметтік салада да, басшылық қызметте және бизнесте де жоғары белестерге көтеріп жүр.
Сіздер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауынан туындайтын ең өзекті мәселелерді шешуге білек сыбана атсалысудасыздар. Сіздердің бойларыңыздағы іскерлік қасиет пен еңбексүйгіштік облысымыздағы индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға білім, денсаулық сақтау салаларындағы ахуалды жақсартуға ықпал етуде. Бүгінгі мереке асыл аналарымызға шынайы құрмет көрсету болып табылады. Жарық дүниеге нәресте әкеліп, оны өсіріп жеткізу ұлы іс. Облыста Алтын алқа және Күміс алқа иегерлері, бірінші және екінші «Ана Даңқы» орденімен, Батыр ана құрметті атағымен марапатталған 8 мыңнан астам көпбалалы аналар бар. Ана мен баланы қорғау басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қымбатты аналар! Мейірім мен шыдамдылық, ақылдылық пен кеңпейілділік, отбасындағы сүттей ұйыған бірлік үшін сіздерге мың алғыс. Сіздерге шынайы көңілмен мықты денсаулық, кәсіби табыс және жайлы тұрмыс тілеймін. Әрдайым әдемі де сүйікті, бақытты болыңыздар!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.