Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр теңгенің сұрауы болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әр теңгенің сұрауы болуы керек

 Мемлекеттік қазынадан бөлінетін әр теңге мақсатты игерілуі қажет. Оның талан-таражға түспеуін қадағалау – біздің басты міндетіміз.

  Осы орайда, Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы өткен жылы 382 бақылау шарасын өткізіп, жалпы сомасы 101 миллиард 143 миллион 514,32 мың теңгенің бюджет қаражаты бақылаумен қамтылды. Нәтижесінде 42 миллиард 025  миллион 401,24 мың теңгеге немесе барлық  соманың 41,6 пайызының дұрыс жұмсалмағандығы анықталды. Соның ішінде 17 миллиард 991 миллион 943,65 мың теңге заңды бұза отырып жұмсалса, 9 миллиард 770 миллион теңгеден астам қаржыны  игеру тәртібі дұрыс сақталмаған. Мемлекеттік сатып алу, жергілікті бюджет қаражатына өзгерістер енгізуде де бірқатар өрескел қателіктерге жол берілгендігі мәлім болды.
Жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде аталған заң бұзушылықтар үшін 45 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 434 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке шақырылып, оның алтауы қызметтерінен босатылды.
Қаржы заңнамасының талаптарына сәйкес, 3 миллиард 875 миллион теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта бұл талап 99,8 пайызға орындалды.
Қаржылық бақылау инспекциясы өткен жыл ішінде құқық қорғау органдарына 53 бақылау құжат тапсырды. Біздің мекеменің бастамасымен жіберілген 24 бақылау құжатының тоғызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Ақниет КЕНЖЕБАЕВ,
Ақмола облысы бойынша
қаржылық бақылау инспекциясының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар