Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіп ашқанға қолдау бар - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіп ашқанға қолдау бар

Қазақта: «Кәсібінің нәсібін көр» деген жақсы сөз бар ғой. Солай айтылғандай, шын мәнінде кәсіппен шұғылданып жүрген еңбекқор жерлестеріміздің қатары жыл сайын толығып келеді. Ал, белгілі бір кәсіпті бастап, оны дөңгелетіп жүргізіп кету үшін мемлекет тарапынан қолдау бар.

Сіз ең алдымен кәсіппен шұғылдануды ойласаңыз, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық өкілдігіне барып, тиісті мамандардан ақысыз кәсіби түрде кеңес ала аласыз. Кейін талпынысыңызға сай сізге кәсіпкерлік туралы біліміңізді арттыру ұсынылады. «Бастау» деп аталатын бұл бағдарлама кәсіпкерлікті қалай бастау керек екендігін, егер осы салаға қолыңыз үйренген болса, онда нені өткізіп алдыңыз, соған мән беруді үйретеді.

Жалпы «Бастау» жобасы бизнестегі сауаттылықты ашуға көп мүмкіндіктер береді. Оқытушылар кәсіпкерліктің қыр-сырына баулиды. Аталмыш бизнес-тренингті өткеннен кейін: «Мен ойға алған жоба пайда бере ме?» деп ойлана бастайсыз. Егер оңтайлы шешім қабылдасаңыз палата мамандары сізге таңдау жасатады. Бизнес-жоспарыңыз іске жарамды деп танылса, жобаны қорғауға кірісесіз.

Жоба сәтті қорғалған жағдайда сізге «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» негізінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін қайтарымсыз грант беріледі. Әрі қарай өз бағыңызға қарай осы грант негізінде кәсіп бастауға мүмкіндік аласыз. Айтпақшы, грант алу үшін сіз аудан көлемінде 3 жылдан артық тұруыңыз қажет. Және де жұмыссыздар санатында болуыңыз ескеріледі. Зейнетақы жарнасының соңғы 6 айы мамандар тарапынан тексерілетін болады.

Осындай мүмкіндіктердің барлығынан өтіп болғаннан кейін жеке кәсіпкер атанып, 583 400 теңгеге дейінгі сома есеп-шотыңызға түседі. Жыл сайын осындай мүмкіндікті пайдаланып келе жатқан жерлестеріміз жеткілікті. Олардың көбі осы «Бастау» негізінде кәсіп бастап, аудан экономикасының өсуіне өз үлестерін қосып келеді.

Мәселен, биыл Бибінұр Базарова есімді аудан тұрғыны жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану мақсатында осындай гранттың иегері атанды. Күйеуі Дәркен екеуі отбасылық негізде бизнес ашып, кептірілген балық әзірлейтін кішігірім цех ашып алды. Жеке кәсіпкердің өнімі барлық стандарттарға сай жасалуда. «QORGALZHYN fish» деп аталатын атаумен шығарылатын кептірілген балық өнімдері бүгінгі таңда аудан тұрғындары арасынан үлкен сұранысқа ие. Жеке кәсіпкердің алдағы мақсаты әрине айқын, ол жергілікті өнімді барлық талаптарға сай етіп, Қорғалжынның өзіндік брендіне айналдыру. Қазіргі таңда елордамен іргелес аудан болғандықтан, қала нарығына шығу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сөзімнің дәлелі ретінде көрсетілген бір ғана кәсіпкер арқылы мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар екендігін бірден түсінуге болады. Әрине, барлық адам бірдей кәсіпкер болып кетпейді. Көп адамның таңдаған жолы да бөлек болуы мүмкін. Алайда, қол қусырып отыра бергеннен гөрі бүтін бір ауданға шарапаты тиетін осындай жерлестеріміз үшін қашан да мақтанып жүруіміз керек.

Шоқан ЗӘКАРИН.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар