Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Эпидемиологиялық жағдай өңірлерде әр түрлі - АРҚА АЖАРЫ

Эпидемиологиялық жағдай өңірлерде әр түрлі

Біржан сал, Бурабай, Сандықтау және Бұланды аудандары әкімдерінің орынбасарлары өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингке қатысып, өз өңірлерінде пандемиядан қалыптасқан эпедемиологиялық жағдай туралы хабардар етті.

Біржан сал ауданының 13 мыңнан астам тұрғыны бар. Күні бүгінге дейін соның 6219-ына екпе салынған. Жалпы, осы жылдың өзінде COVID-19 індеті 782 адамда расталыпты. Коронавирус індетін жұқтырушылардың 85 пайызы ересектер болса, қалғанын жасөспірімдер мен балалар құрайды. Сол себепті аудан «қызыл» аймаққа енген екен. –Ауданда індеттен көз жұмған жандар да бар. Олардың саны – 19. Комирнати екпесін 12 жастан жоғары 17 жасөспірім, 2 жүкті әйел мен 13 бала емізетін аналар салдырды, – деді аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова.

Бурабай ауданындағы эпидемиологиялық жағдай сәл ауырлау. COVID-19 індетін жұқтырушылардың саны осы жылдың шілде, тамыз айларында артыпты. Кейін қазан, қараша, желтоқсан айларында бұл көрсеткіш 2 есеге төмендеп, індеттің аяқ алысы саябырсыған. Десе де, бүгінде Бурабай ауданы «сары» аймақта тұр.

–Пандемия басталғалы ауданда 7 мыңнан астам адам індетті жұқтырды. Сондықтан, өзіне саулық тілеген 30 мыңға жуық бурабайлықтар екпе салып үлгерді, – деді аудан әкімінің орынбасары Анар Күзембаева брифингте сөйлеген сөзінде. Қазіргі таңда, ауданда жасөспірімдер мен жүкті әйелдер, бала емізетін аналарға екпе салу науқаны іске асуда. Осы санатқа жататын 109 адам Комирнати екпесін салдырыпты.

«Қызыл» аймаққа өткен Бұланды ауданында жыл басынан бері 2174 адам Covid-19 індетін жұқтырыпты. Олардың 85 пайызы ересектер болса, қалған бөлігін балалар мен жасөспірімдер құрайды. Бүгінде аудан бойынша 24 адам індет жұқтырушылардың қатарына алынып, соның 5-еуі ауруханаға жатқызылыпты.

–Бұланды ауданында осы жылдың шілде айында инфекциялық стацио-нар ашылды. Содан бері, бұл ауруханадан 400-ге жуық науқас емделіп шықса, 9 адам індеттен сауықпай көз жұмған. Бүгінде ауруханада 10 науқас ем қабылдап жатыр, – деді аудан әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова. Аудан тұрғындары үшін Комирнати екпесінің 270 данасы әкелініпті. Олар 74 жасөспірімге, 10 бала емізетін әйелге салынған екен.
Биылдың өзінде 347 сандықтаулық Covid-19 індетінен емделу үшін облыс ауруханаларына жатқызылған. Өкініштісі, 39 науқас індеттен көз жұмыпты. Қазір аудан «қызыл» аймақта.

–Күні бүгінге дейін 10 мыңға жуық сандықтаулық екпе салдырды. Ал, Комирнатиді 65 жеткіншек, 7 бала емізетін ана алды. «ASHYQ» пилоттық жобасы аясында ауданның 108 нысаны тіркеуге алынып, карантиндік талапты бұзған 1 адамға құны 43,7 мың теңге болатын әкімшіліктік айыппұл салынды, – деді брифингте сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова.

Айгүл Бекетқызы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар